Жалғасымын Фариза ақын ізінің....
жеке
блог
блог
Армысыздар,Массагеттік жас достарым?!
Хал-жағдайды сұрасып,сөз бастадым.
Қай өлкенің тумасы деп сұрасаңыз,
Мен боламын-Оңтүстіктік,бұл жас ғалым.
2001-жылы дүние есігін ашыппын,
Туылғаннан ғажайыпқа асықпын.
Қыркүйектің 12-жұлдызында,
Кереметті көруге мен асықтым.
Анам-Айжан, ұстаздықты серік қылған,
Әкем-Ғалымжан,елі үшін абыройлы жан.
Әжетайым-Гүлбала,көпті көрген,
Отбасымды өзіме үлгі қылғам.
Көзі ашық қазақтың мен қызымын,
Жалғасымын Фариза ақын ізінің.
Еріншектік- түбімізге жететін,
Кітабы-серік әрбір адал кісінің.
Өмірлік ұстанымым: "Тек қана алға,
Мақсатыңа жетпейінше шаршап-талма!"
Өмірдің сан торабы болса-дағы,
Өз жолыңды таппайынша, тоқтап қалма.
P.S. Ал жас құрдас,мақсатыңа Массагетпен бірге жет,
Ерінбе тек,терді төгіп,аянбай сен еңбек ет!