Жалғасұлы жайлы жаңа жазба...
блог
Біссіміллә!
"Массагетке" келдік, орналастық, өзгелердің өзекті де өрнекті жазбаларына көз жүгірттік. Енді өзіміз жайлы өзгелерге таныстырмақ ниетте бірдеңелер жазайық. Ал кеттік)))
Аты-жөнім Сағындық (Каспий Меруертінің інісімін) Баубек (Баубек Бұлқышевтің құрметіне) Жалғасұлы
Туған жерім – Атырау – мұнайшылар қаласы, Ақтау – тұрағым,екі қалам тірегім, Киелі Манғыстау – менің жүрегім*.
1995 жылы мамырдың 11 жұлдызында Жайықтың жағасы, алып шаһар Атыраудың орталық перзентханасында дүниеге келдім.
Руым-Адай, оның ішінде Жеменей (енді Ақылбек Жеменейдің інісімін)
Қазір Маңғыстау Қазақ-түрік лицейінде білім алып жатырмын (сондықтан екі тілге(қазақ,ағылшын) қоса түрік тілін нан тауып жей алатындай дәрежеде білем).
Әншейінде тыным таппайтын қызыл тілім орыс тілі десе оратылып қалады(өмірімде орыспен орысша сөйлеспеппін).
Қазақ тілінің саласында жүргеніме 17 жыл болды.
Амал не, ақындықтың аулынан алыс адамбыз бірақ жарықтық жазушылықтың жайлауына жақын жанбыз.
Бірақ анда-санда өңделмеген өлеңдер өріліп кететіні бар.
Каспий теңізін өте жақсы көрем бірақ құм да таңсық емес. Себебі Сам құмында аунап өскенмін.
Болашақ журнализмнің жүгін көтерер 3-биліктің өкілімін.
Ән, би, сурет дегендерге жоқпын.
Автокөліктен жалығатын, электроникаға табынатын жанмын.
Корей дорамаларының табынушысымын,түрік сериялдарын мүлдем қарамаймын.(Арнайы "Массагет" үшін)
Өзім күліп жүретін адаммын яғни өмірге күліп қараймын сондықтан күліп жүретін адамдарды жақсы көрем.
Қазақ әдебиетінде қос қанатым-қос Мұхтар.Прозада-Мұхтар Әуезов, поэзияда-Мұхтар Шаханов.
Соңғы кезі Қалқаман Сариннің жүрекжарды жаһұт жыр жолдары жаныма жақын болып жүр.
Міне мен жайлы бар болғаны осы)))
ПыСы: * әрине бұл менің сөзім емес. Жаңаөзендік Жақаудың жыр жолдарынан.