Жалғас қатырды! )))

Жалғас қатырды! )))
жеке
блог

Прикол айтайын ба?

Қызық болды )

Бүгін КазГУ жаққа келдім. Күндіз келмегеніме қанша уақыт болды екен? Көптен көріспеген жан құрбыммен кездесіп, екеуміз медосмотрдан өтуге кезекте тұрмыз. Алдымызда шұбырған кезек. Ноутты әкелгенім сондай жақсы болды, ноутты ашып жіберіп баяғы интернетті қостым жалма-жан.

Содан агентте 1 сәуір күніне орай ана блогшыны бір алдап, мына блогшыны бір алдап, алдағаныма өзім ерекше мәз болып отыр едім. Құрбым Айтолқын екеуміз біреу алданса, соған қыран-топан боп күліп отырғанбыз.

Бір кезде... Қызықтың бәрі сол кезде басталды. Жалғас бар емес пе, бәріңіз білетін Ертайдың Жалғасы... Оның да іші пысып отыр екен, екеуміз әңгімемізге талғажау іздей бастадық. Өздерің білетіндей біздің Жалғас сын айтқыш ) Массагеттің келеңсіз тұстарын айта бастады.

 -Массагетте өңкей ақылды посттар екен ғой ) - деп бір әңгіменің ұшын қылтитты Жәкең

-Қандай ақылды?

- Массагеттіктерге түрлі-түсті әріппен өтініш жазбаңдаршы деп айтатын адамсың ғой. Эстетикалық дұрыс қабылданбайды. Мамбеттік былайша айтқанда... Әркімнің өз еркі ғой, содан саған айтып отырмын, олай жазу эстетикалық дұрыс қабылданбайды деп бір ескерту, ереже айтуға болады ғой блогерлерге. Мынау не ал?- деп бір сілтеме жіберді сосын.

Айтолқын екеуміз ол қайсысы екен? Қай блогты айтып отыр, қасқа? Не дейді тағы?- деп ана сілтемені басып кеп қалдық )

Сөйтсек... Хехеххеехе ) Сөйтсек, әлгі Жалғастың сынына ұшыраған Айтолқын құрбымның мына жазбасы екен. Ашуын ашып алып, Айтолқын екеуміз бір-бірімізден ұялып отырмыз ) Бір жағынан күлеміз келіп.

Айтолқын "жақсы көретін түстерім ғой" деп күле береді. Содан кейін Жалғасқа да ол жазбаның иесі дәл қасымда отырғанын айттым. Жәкең сасқан ба? "Агентті берші, өзіне айтайын" деді. Сосын екеуі бірдеме -бірдеме деп жазысып жатқан )) Ар жағын білмеймін)))

Расымен, бұл да бір қызық болды. Сәйкестік пе, басқа ма? )