Реніштің орын алуы мына үш элементтен құралады:
1. Біздің ОЛ адамнан күткеніміз.
2. Біздің күткенімізден мүлдем басқаша әрекет.
3. Және сол әрекетке деген біздің эмоциямыз.
Міне, осы үш элементтен соң барып белгілі бір түсініспеушілік орын алады. Біз өзіміз қалаған нәрсені күтеміз және оның орындалғанын қалаймыз. Бірақ, келесі адамның көзқарасы мен өмір сүру дағдысын естен шығарамыз. Мәселен, кездесуіміз керек болды. Мен одан гүл немесе шоколад күттім делік. Мен қоңырау шалғанын күтудемін. Иәәә, ол хабарласып жатыр. Мен қуанып кеттім.
— Алло?
— Сәлем, қалайсың?
— Жақсыы, өзіңізде ше?
— Шүкір, жақсы. Жадыра, ренжімеші, бүгін кездесе алмаймыз,
— Ммм, жақсы.
Шамамен осындай диалог болды. Ішің қайнайды, тіпті өртенеді. Ызаға булыққан күйі смс жазасың не қайтадан хабарласасың (реніш білдіріп). Бұл жерде сенікі ғана маңызды деп ойлайсың. Бірақ, сұхбаттасушының жағдайымен санаспайсың. Ренжисің. Телефонды қоя саласың. Бұдан шығатын қорытынды: Біз өзіміз көргіміз келетінді ғана көреміз. Келесі адам да солай. Осыдан келіспеушілік туындайды. Бұл жағдай болмас үшін не істесем болады? Ммм… Тәәәк, ойланып алайын. Дұрыс! Ойлану керек, бастысы. Егер ойыңыздың түбіне жетпесеңіз, былай жасаңыз:
Қолыңызға қағаз алып, оны үш бағанғабөліңіз.
Сіздің жағдайыңыз: Кіммен, қалай және қай жерде ренжісіп қалдыңыз?
Нақты не болды? Өзіңізді қалай сезіндіңіз? Не айттыңыз? Неге өзіңізді олай ұстадыңыз?
Қалай жасаған жөн еді? Соңы не болды? Басқаша қандай эмоция болуы мүмкін еді? Соңы қалай болғаны дұрыс деп ойлайсыз?
Өзіңізді өзіңіз ғана түсіне аласыз. Және өзіңізбен өзіңіз ғана ашық сырласа аласыз. Ендеше, бүкпесіз қағазға жазыңыз. Кімдікі дұрыс? Мүмкін, бәрі сіз ойлағаннан мүлдем басқаша болар?
Өмір қысқа деп жатамыз. Ендеше, неге көп ренжісеміз? Осы тәсілді пайдаланған дұрыс. Көресіздер ғой, менен артық «гладкая» қыз болмайды)) Сәттілік! Жағдайды шиеленістірмей, барынша салмақты қалыпты ұстанайықшы. Содан бір нәтиже шығады. Әйтпесе, ерлердің ісі бітер ме? Мм, немесе «сылтауы»? Жүйкеміз қалың болсын!