"Жақсымызды" кім үшін таңдаймыз?

"Жақсымызды" кім үшін таңдаймыз?
жеке
блог

Бүгінгі әңгімеге арқау болғалы отырған бұл мәселе өте маңызды. Себебі, ол адам жалғыз, сүйікті және қадірлі болуы мүмкін сіз үшін. Яғни қазір жаныңыздағы адамыңыз, болашақтағы жарыңыз делік, имандай сеніп бәріне. Сонымен сол жандарды біз кім үшін таңдаймыз? Өзіміз үшін бе? әлде атағымызға сай келсін деген ниетте ме?Бұл жерде материалдық жағдайды қозғамай-ақ қояйын. Ол енді бөлек әңгіме.

Таяуда бір азаматпен сөйлескен едім, ол енді "жұлдыз"... Өзін солай сезініп, солай көрсетеді енді... Оған сөзім жоқ, қысқасы... Оныкы дұрыс та шығар... Қош, "жұлдыз" болсын! Сол жігіттің айтқаны қызық болды:

- Мен өзіме қыз таңдар кезде, өзімнің статусыма сай болуын ойлаймын, бірден, ол да мен сияқты болса деймін. Және де оны достарымның және туыстарымның алдына апарғанда, көз тартарлық болса екен деймін...

Шыны керек, оны жақсы танысам да мұндай ойда болғанына қайран қалдым... Анау сай емес, мынау сай емес деп жүргені не екен?! Өзі идеал болса бір сәрі ғой... Болашақ жарды немесе ұзақ уақыт араласатын адамдарымызды жұрт үшін таңдайтын жағдайға жеткеніміз таңдандырды.

"Жалғызымыз" бен "сүйіктіміз" біреу ғой, және оны өзге үшін өзіміз үшін таңдап, таңдауымызды жасауымыз керек қой.

Кейде адам ештеңесіне қарамай-ақ ұнатып жатады ғой, материалдық жағын айтпағанда...

Сіздер қалай таңдадыңыздар, массагеттіктер? Әлде таңдау жасауда қай жағына қарайсыз?!