Жақсылық пирамидасы.

Менің сіздерге ұсынып отырған жобам жақсылық пирамидасы.

Бұл әлемде кең тараған жобалардың бірі. Бұл жобаға қатысу үшін материалдық жағдайды талап етпейді. Бар болғаны күніне кем дегенде 3 бөгде адамға жақсылық жасап, алғыс орнына 3 адамға жақсылық жасауын өтінсеңіз жеткілікті.

Жақсылықтың үлкен кішісі болмайды. Жолдан өте алмай тұрған жандарға көмек беруден, өзіңізге қажет емес заттарды мұқтаж адамдарға беруге дейін.

Біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт, біреудің саған істеген жамандығын ұмыт деген. Осы жұрт неге маған жақсылық істемейді деп ашуланудың қажеті жоқ. Жақсылық жасауды өзімізден бастайық.



Бөлісу: