Жақсы көремін
блог
*«Жұрттың алды болма - көз тиеді, арты болма – сөз тиеді». Бұрында достарым осылай тілек айтқанда мән бермейтінмін. Уақыт бұл тіркестің жайдан-жай айтылмағандығын дәлелдеп берді.
*Жұртты қойшы деп, қолыңды сілтесең де жұрт сені ешқашан жайына қалдырмайды екен.
*Мен бұл күнде «бақыттымын» деген сөзді ашып айтуға қорқып қалдым...
*Батқаластық деген ешқашан қалмайтын сияқты. Оны биыл әсіресе түсіндім. Расында, балмұздақ кезімізде ондайды білмеппіз.
*Адамдардың маскасы шешілетін әдемі де, ащы күн туады екен ғой...
*Артыңнан сұғылған пышақтың орны мәңгілікке қалып қояды.
*Дүние төңкеріліп кетсе де, сен туралы не ойлайтынын бетке айтатын адамдарды жақсы көремін.
*Бұрын оқыған адам оқыған деуші едім, бүгін оқыған адамның да оқымаған адамнан еш айырмашылығы қалмай бара жатқан түрі бар.
*Мына адам жақсы, үндемей қалған деп айтудан сескеніп қалдым. Үндемегеннен үйдей бәле расында, шығатын болып шықты.