"Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек" - деп Гипократ берген сипаттамаға сай келетін дәрігерлер бүгінгі таңда кемде-кем. Артық қыламын деп тыртық қылып, ақша бергеннің ауруын емдеуге құлшына кірісіп, пұлсыз келген науқасқа қолын бір сілтейтін ақ халатты "абзал" жандар көбейген заман. Тіпті ауыруға да қорқатын болдық. Тізіп көрсетер болсақ, дәйектер мен дәлелдер жаға ұстатады. Мысалы Ақтауда 10 жасар қыз асқа уланып ауруханаға түскен. 10 жасар Жасминге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеген.https://1tv.kz/kk/news/video/07032013/kyz, https://1tv.kz/kk/news/video/07032013/kyz Көптеген дәрігерлер көз алдымызға ақша салғанда іске қосылатын тетігі бар машина болып елестейтін деңгейге жетті.