Жақсы адам жайлы айтсам

       Негізінен менің өмірде ұстанатын қағидам « адамның жаманы болмайды». Қай адамның болмасын жүрегі тек жақсылыққа ұмтылады. Осы сөздерді Абай атамыз да  қара сөздерінде айтып кеткен болатын. Адам жаман бір нәрсе істесе де ол істі өзі қаламай істеуі мүмкін, ол белгілі бір мәжбүрлікпен, амалсыздан болады. Әр бір іс-әрекетке белгілі бір себеп табылады.

       Біз бәріміз пендеміз, өзге адамның ішіне кіріп-шыға алмаймыз, өзгенің ойын оқып біле алмаймыз. Сондықтан өзге біреуді сөге де алмаймыз. Мен үшін адамның жаманы жоқ, бәрін түсінуге тырысамын. Алайда, жаныма жақын, мен жақсылардың ішінен  ең жақсысы деп ұғатын ол  қазақ тілі мен әдебиетінен берген мұғалімім – Зәуре апай. Басында мен бұл мұғалімнен қорқып қашқақтап жүретінмін. Кейін оған үйреніп, оның қандай екенін толық таныдым. Ол оқушыларды өз туған балаларынан кем көрмейді,түн ішінде  хабарлассаң  да көмектеседі. Мектепте өз сынып жетекшіңнен гөрі осы апай қамқор болатын. ҰБТ-ға дайындалған кезде де әр дайым бізді демеп, «уайымдай бермендер,өмір ҰБТ-мен аяқталмайды, оған нерваларынды кетірмендер» деп айтатын. Бізді әрдайым мынандай жарыс болып жатыр, мектепте анандай мерекелік шаралар болып жатыр қатысындар деп алдыға қарай итермелейтін. Сабақ түсіндіргенде бәрімізді қызықтырып, күлдіріп түсіндіретін. Зәуре апайдың ойынша, күлдіріп айтқан сабақ есте жақсы сақлатып, миға қонымды болады. Біз мектепті бітіріп, универге түскен күннің өзінде «қалдарын қалай, сабаққа үлгеріп жүрсіндер ме?» деп, біздің өмірімізбен қызығады. Зәуре апайдың ең жақсы қасиеті ол жастарды жақсы түсінеді және көңіл күйін плинтустан төмен түскеннің өзінде оны максимумға көтеруге өте қабілетті.



Бөлісу: