Жаһан жаналғышы
немесе
Тұқымыңды тұздай құртатын конвейер туралы шындық
...Бір кездері алкогольдің кесірінен Америка құрлығындағы миллиондаған үндіс тайпалары құрып кетті. Қазір қалған-құтқан бөліктері өздерінің соңғы ғасырларын тікенекті сымның ар жағында, резервацияда өткеріп жатыр. Резервация дегеніміз – үндістерді сақтайтын зообақ. Біз де бұдан сабақ алып, алкогольдің жаппай қырып-жоятын қару екендігін түсінуіміз керек. Мұның адамдарды ғана емес, тұтас халықтарды жоятынын әлемдік биліктен дәмелі болғандардың бәрі біледі. Шындығында, біздің халықтардың басты жауы болған Гитлер ақымақ емес. 1942 жылы ол жауланып алынған территориясының шығыс бөлігіне басқыншылық саясатының жоспарын құрғанда өз нұсқауында бар болғаны: «Славяндардың тілін жойып, ыммен сөйлесетіндей жағдайға жеткізіп, ешқандай гигиена, ешқандай егулерді пайдаландырмай, тек арақ пен темекіге әдеттендіру керек» - деген бір-ақ ауыз сөйлем жазды. Гитлер шылым мен ішімдіктің өзі жек көретін Шығыс Еуропа пен Орта Азия халықтарын екі-ақ ұрпақ ауысқанда ешқандай газ камерасынсыз, крематрийсіз жойып жіберетінін жақсы ұқты. Масондардың қылмыстық фашистік CC ұйымының базасында украин халқын құртып жіберудің толық жоспары жасалды. Бүкіл Украина басқыншылыққа тап болды. Бұл жоспар украиндықтарға арзан, тиын тұратын арақты кітаптарға айырбастап сатуды көздеді. Сол үшін діни мазмұндағы кітаптар әкелген адамға кітаптың салмағындай мөлшерде арақ құйып беретін арнайы қабылдау бөлімшелері ашылды. Бірақ арақты берер алдында шарт қойылатын. Кітапты әкелген адам сол өзі әкелген кітабын жұрт көзінше отқа жағып барып, тиісті арағын алатын. Мұндай жағдайда СС-тіктер халықтың рухани байлығы болатын кітаптарын жойып, халықты ішімдік арқылы аздырып-тоздырып жіберуді мақсат тұтты.
Қазір біздің халқымыз да осындай геноцидті басынан кешіп отыр. Тәуелсіздік алған жылдары біздің қалалардағы барлық зауыттар тоқтап, колхоздар құлап, қиратылғанда, шығаратын өнім көлемін бірнеше есеге арттырған кәсіпорындардың денін арақ-шарап, сыра шығаратын зауыттар құрады. Осылайша, Гитлердің сүйегі әлдеқашан қурап қалса да, оның жоспары жүз пайызға орындалып отырды...
Жақында орыс тілінде Джон Коллиманның «Комитет 300» атты кітабы жарық көрді. Джон Коллиман британ барлау қызметінің полковник шеніндегі отыз жылдан бергі қызметкері. Барлау қызметінде істей жүріп ол іштей жаһандық процестерді басқарудың құпия механизмін зерттеп, осы кітабында ғаламдық процестерді әлемнің ең бай 300 жанұялық кланы басқарып отыр деп қорытынды жасайды. Сөйтіп оларды «300-дің комитеті» деп атайды. Бұл 300 жанұя өзара қатал да, құпия масондық қарым-қатынастармен байланысқан. Әлемдік саясатты солар айқындап, «Үлкен жетіліктің» елдерінен тұратын әлемдік үкімет қуыршақ секілді тұтастай солардың айтқанына көніп, айдауына жүреді.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары сол біз сөз етіп отырған «300-дің комитеті» өте маңызды ғылыми зерттеу жұмысына тапсырыс береді. Бұл жұмыс жүзеге асқанда, нәтижесі таңқаларлықтай болды. Зерттеу жұмыстары анықтағандай, жер бетіндегі табиғи ресурстар шектеулі. Үшінші мыңжылдықта оның қоры жақсы да, жайлы өмір сүру үшін барлық жерліктерге жетпей, бар болғаны бір миллиард адамды ғана асырай алады. Осыдан келіп, «300-дің комитеті» «Алтын миллиард» теориясын жасап шықты. Бұл теорияның нәтижесінде жер бетінде 1970-2070 жылдар аралығында Жер бетіндегі адамдар саны бір миллиардтан аспауы керек. Қалған 5,5 миллиард адам сөзсіз құрбан болуға тиісті. Бақытты миллиардтың құрамына АҚШ, Канада, Батыс Еуропа, Израиль және Жапония секілді елдердің тұрғындары енді. Ал біздер, Шығыс Еурпалықтар мен Орта Азиялықтар, бұл тізімде жоқпыз.
Осылайша, жоғарыда біз сөз еткен бағытта әлемдік үкімет пен «300-дің комитеті» Жер планетасы тұрғындарын жаппай жою бағдарламасын іске қосты. 70-жылдары Африкада қайдан пайда болғаны белгісіз, СПИД ауруы тарай бастады. Қазір Африканың 40 пайызы СПИД-ке шалдыққан. Осылайша, олар Африканы СПИД және аштық арқылы жойып жатыр. Ал біздерді, посткеңестік елдерді ішімдік, шылым, есірткімен құртуды көздейді. Ішімдікке де, азғыруға да түсе қоймайтын мұсылман халықтарын соғыспен құртуға бел байлады.
2001 жылдың 11-қыркүйегіндегі АҚШ-тағы Бүкіләлемдік сауда орталығының 2 ғимараты қираған оқиғасы барлықтарыңыздың естеріңізде болар. Алғашқыда 50 мың адам қаза болды деген деректер денені мұздатты. Бұл деген әлемдегі ең үлкен терракт болды деп шуласты жалпы жұрт. Үш күннен соң, қаза тапқандардың саны 50 мың емес, 9 мың екен хабар тарады. Апта өткеннен кейінгі ақпарат бойынша, бұл сан 4,5 мың болып екі есеге қысқарды. Ақырында, соңғы деректер онда қаза тапқандардың жалпы саны 1,5 мың екенін анықтады. Олардың 600-дейі өртті сөндіріп, құтқаруға келіп, ғимарат қалдықтары басып қалған полицейлер мен өрт сөндірушілер. Қалған 900-і сол ғимарат ішінде болған адамдар. Сөйтсе, бұл терактіден бір ай бұрын барлық масондық құпия басылымдардан Бүкіләлемдік сауда орталығына шабуыл ұйымдастырылып отырғаны туралы тікелей ескертулер жарияланған. Байларға арналған орыстілді масондық журналда терактіден бір апта бұрын, яғни 3-қыркүйектен бастап сауда орталығының күрделі жөндеу жұмыстарына жабылатыны жазылып, алғашқы бетіндегі мұқабасында сурет басылған. Ол суретте бізге таныс екі мұнара, олардың артында көлікпен тұрақтауға, кіруге тыйым салынған белгілер, радиобағыттауыштың қай жерде тұрғаны бейнеленген ақ жалау, сондай-ақ, оның қасында шабуылдың 11-қыркүйек күні болатынын белгілеген шифр көрініп тұр. Яғни, мемлекеттік билік орындары бәрінен хабардар болып отырды. Сондықтан олар бір ай бұрын ол жерден қызметкерлерді, кеңсе техникаларын, тіпті алтындар салынған сандықтарды көшіріп әкеткен. Сонда, ол жерде тек лифт жүргізушілер, киім ілушілер, еден жуушылар секілді қызмет көрсету саласының қызметкерлері ғана қаза болды. Осы арандатудан соң Құрама Штаттарды бүкіл әлем ең басты лаңкес деп таныды. Қазір бүкіл БҰҰ, барлық халықаралық ұйымдар қой терісін жамылған қасқыр болып отыр. Әлсіз мемлекеттердің ішінен біреуі ұнамай қалса, оны лаңкес деп танып, бомбаның астына алуға әзір. Иракты 38 мемлекет жабылып төмепештегені ел есінен шыға қоймаған шығар. Дәл сол сценариймен Ауғанстанды да ту-талапай қылды. Енді Сирияға шүйлігіп отыр. Мұны ең жоғары дәрежедегі басбұзарлық деп атамасқа шараң жоқ.
Біз сөз етіп отырған әлемдік бағдарламаның жүзеге асып жатқанына күмән келтіретіндер болса, сіздерді ресми ақпаратпен таныстырайық. 2000 жылдың 7-қыркүйегінде «Независимая газета» газетінде РФ президентінің істерді басқару департаменті жанындағы ақпараттық-сараптау агенттігінің бас директоры Игнатьевтің баяндамасы басылды. Бұл ресми тұлғаның баяндамасы «Ресейдің ғаламдық көшбасшылыққа ұмтылудағы стратегиясы» деп аталады. Онда былай делінген: «Қазіргі ғаламдық процесстерге ықпал етіп отырған негізгі фактор - әлемдік үкіметтің қызметі болып табылады. Бұл мемлекетүстілік құрылым жаңа әлемдік тәртіп орнатушы штабтың қызметін өте сәтті атқарып отырғанын мойындау керек. Алайда, өз жұмысы барысында бұл ұйым ұлыстық туыстықпен біріккен аз санды элитаның мүддесіне қарай икемделеді. Мұндай әлемдік үкіметтегі хасийлік-парамасондық топтардың озбырлығы тез арада жағдайды түзеуді талап етеді». Мұнан әрі ол: «Біздің еліміздің жаһандану дәуіріндегі көшбасшылардың бірі болуына кедергі болып отырған жаһандану процесінде көшбасшылық орындарға таласа алатын елдердің халық санын «Алтын миллиард» бағдарламасын шығарып, қолдан азайтып отырған әлемдік үкіметтің конструктивті емес бағыты болып отыр. Хасийлік-парамасондық топтың пікірінше, Ресей мұндай көшбасшылардың тізіміне енбей, тек, жаңа әлемдік жүйенің шикізат қорының кені ретінде ғана қарастырылуы қажет».
Ал енді мұндай қауіпті жағдайда не істейміз? Ішімдік, шылым, есірткі проблемасы туралы естіген сайын, біздің ел арқылы алып алкоголь астауы қалай өтіп бара жатқанын, сол астауға ес-түссіз есірген халықтың қалай өңмеңдей ұмтылып жатқанын анық көремін. Астаудың маңынан кімдерді байқайсыз? Әуелі, жақсы киініп, мерекелерде әлгі астаудан рюмкелеріне құйып ішетін «мәдениетті» адамдарды көруге болады. Бұлар «мәдениетті ішетіндер» деп аталады. Енді біреулері астаудан саптыаяқпен көсіп алып, сіміріп ішіп, шамасын білсе, тағы біреулері шелектеп ішкісі келеді. Бұларды ішкіштер дейміз. Ал ең соңғылары, астауға түсіп, батып ішкісі келеді. Бұлар – айтпаса да, түсінікті, алқаштар. Ал енді мұндай жағдайда не істеу керек?
1972 жылы Кельч-Науч киностудиясы «Бір айлық торайлардың мінез-құлық әсерлері жетістіктері» атты деректі фильм түсірді. Ол фильмде он мегежіннің әрқайсысынан бір торайдан алып, оларды бөлек қашаға орналастырып, таспаға түсіре бастайды. Торайлар үш күн ілінісіп, таласып, үшінші күні өз бауырлары мен бауырларынан адасқандықтан, табиғат аясындағыдай үйір құрып өмір сүре бастады. Араларындағы ең ірісі әрі ақылдырағы үйір басшысы болып бөлініп шығып, одан кейінгілері де өз қабілетеріне қарай реттерімен орналасты. Сөйтіп бұлар топ болып өмір сүре бастады. Астаумен тамақ әкелінсе, бірінші топ басшысы, одан кейін екінші, үшінші, оныншы болып дәм татады. Сөйтіп жүргенде манағы астау толы тамаққа үш литр сыра құйып араластырып берілді. Бірінші болып үйір атаманы келіп сыра араластырған тамақты иіскеп көрді, бірдеңе ұнамаған сияқты. Иіскеп-иіскеп солға қарады, иіскеп-иіскеп оңға қарады да, сыра араласқан көжеге бас қойды. Оның артынан қалған торайлар да көжені иіскемей-ақ бас салды. Сыралы көжені соғып алысымен, әлгі торайларға желік бітіп, құтыра бастады. Ең кішісі шайнап тастамаққа үйір басшысына ұмтылса, үлкені кішісіне ұмтылды. Сөйтіп, сыраханалардағыдай топалаң төбелес басталды да кетті. Әбден төбелесіп, жан-жаққа қашқан торайлар бір-бірінен қорқып, дірілдеп бұрыш-бұрыштарды тығылды. Екі күн сыраның мастығы тарқамай жүріп, үшінші күн дегенде жараларын жалап, қайтадан үйірге бірікті. Екі күннен соң тәжірибе қайталанды. Сөйтіп, тамаққа қайтадан үш литр сыра құйылып, араластылып, торайлардың алдына қойылды. Топ басшысы астауға жақындап, иіскеп-иіскеп жан-жағына қарап, есіне бірдеңе түсіп, астауды төңкеріп тастады. Тәжірибе жасаушылар мұны кездейсоқтық па деп ойлап, тәжірибені қайталаған. Сөйтсе, сыра араластырған тамақты иіскесімен, басшы торай шынында да төңкеріп тастай береді екен. Көрдіңіз бе, мұндай астау алдына келгенде, жануар біткеннің ақымағы саналатын шошқаның бір айлық торайы не істеу керектігін біледі. Яғни, мұндай уға барлығы бірдей бөкпей тұрғанда төңкеріп тастау керек дейді. Ал кейде, біздің бағана жоғарыда сөз етіп кеткен, қолдарына рюмка мен саптыаяқ ұстаған «мәдениетті ішушілеріміздің» дәл сол бір айлық торай құрлы түйсігі жоқ па деп қаласың. Өйткені, мәдениетті түрде, мөлшермен ішкен арақтың пайдасы болмаса, зияны жоқ деп, сол үшін қасық қаны қалмай күресетін солар ғой. Мұндай салыстыруымыз тым ауыр болды деп кейбір ағайындар өкпелей қоймас...
Баяғыда, Мұса пайғамбардың заманында оның қауымына қаһарланған Құдай тағала Тұр тауына тілдеспекке келген Мұсаға «Сенің қауымың менің қаһарыма ұшырады. Енді оларды үш түрлі нәубет күтіп тұр. Бірі – топан су жіберем, екіншісі – жаппай қырылатын оба ауруын таратам, үшіншісі – ел ішіндегі бірлігін алып, алауыз қылам. Қауымың осылардың ішінен қолай көргенін таңдасын,» – депті.
Көңілі құлазыған Құдайдың досы еліне келіп, Жаратушы иелерінің сәлемін жеткізіпті. Қауым ішіндегі ақсақалдар мен көпті көрген данышпандар өзара ақылдаса келіп, «Топан су қаптаса, бәріміз бірдей жойылмаспыз. Тірі қалған бірлі-жарымымыз болса, өлгендерге дұға бағыштап, қайтадан өсіп-өнер. Оба келсе де, бәріміз жер жастанбаспыз. Өйтіп-бүйтіп жан баққандарымыз оңалып, қалпына келсе, біздерді де еске ала жүрер. Ал елге алауыздық келсе, бір-бірімізбен қырқысып, тірі қалғандарымыздан тараған ұрпақтар өле-өлгенше өзара жауласып, тоз-тоз болып кетерміз. Сондықтан, алауыздықтан өзге жазаның қай-қайсысын болсын таңдауға пейілдіміз,» – дейді. Мұса болса, елінің таңдауын жеткізбекке Тұр тауына келеді. Құдай тағала оның қауымының жауабынан хабардар болса да, ғибрат үшін жазаның қай түрін таңдағанын сұрайды. Мұса халқының алауыздықтан өзге қандай жазаны болса да қарсы алуға даяр екенін жеткізеді. Сонда Мұса қауымының жауабына разы болған Мейірімді Алла оның халқына ешқандай нәубет жіберілмейтінін айтып, қуантқан екен.
Ел басына келіп, тұқымыңды тұздай құртатын нәубеттің қай-қайсысы да оңай болмақ емес. Десе де, ішімдік, темекі, есірткіден тұратын жалғыз нәубет – Ұлық Алланың Мұса қауымына таңдауға ұсынған үш бірдей нәубетіне татитыны анық. Халықтың ақыл-ойын топан судай шайып, адам өмірін обадан әрмен жалмап, әке мен бала, аға мен іні арасындағы бірлікті оп-оңай алып, әп-сәтте бір-біріне жау қылып шығаратын бұл зұлмат – қазіргі таңда шын мәнісінде жаһан жаналғышы болып отырғаны рас. Сондықтан, ұрпағын оның қанды шеңгелінен құтқару – ел қамын ойлаған әрбір азамттың міндеті болмаққа керек.