Жағымпаздық синдромы

Жағымпаздық синдромы
жеке
блог

Мысалы сіз бір ұжымда ел қатарлы жұмыс жасап жүресіз. Бар ынта-шынтаңызбен берілген тапсырмаларды уақытылы дайындап келесіз. Әрине, басшыңыз сізді бағалайды, құрметтейді. Алайда жаныңыздағы әріптесіңіз шалқайып, өмірдің рахатын сезініп сіздің терлеп-тепшіп жасап жатқан жұмысыңызға басын ауыртпайды.Іскерлік әңгіме болатын жерде ретін тауып өзінің жеке басын әңгіме етіп уақытты өлтіреді. Берілген тапсырманы формальді түрде айтса да өзінің не айтып тұрғанын өзі түсінбейді.

Алайда бір шешімін тауып мәселені шешу керек. Қарапайым ғана нәрсені түсінбеген сыңай танытып басшысының үйіне хабарласады. Жеке тірліктерін тындырып береді. Сыйлық сыйлайды. Реті келсін, келмесін мақтайды. Кәсіби жұмысына келгенде нөл.Нағыз сын сағатта сіз өз күшіңізбен, өз біліміңізге арқа сүйеп аман өтесіз. Ал әріптесіңіздің іс-әрекеті адамның күлкісін келтіреді. Адам емес маймылға айналып кеткендей. Жиіркенішті.

Бірақ ақыр соңында басшыңыз сізді емес әлгі әріптесіңізді сізден жоғары бағалайды. Себебі оның өткізіп қойғаны көп. Әлгі сыйлы басшыңыздан көңіліңіз қалды ма? Қалды. Әлгі жағымпаз әріптесіңіз жұмысы бітіп,  күні түскен басқа біреуге баяғы әнін айтып жүр. Жәй кеткен жоқ басшыңызды парақор етіп көрсетіп әңгіме жайып жібереді.

Кейде ойлаймын да, өмір көрген салиқалы деген басшылардың өзі адам танымайма деп. Сізге деген шынайы ықыласпен шектен тыс қошеметтеуді қалай айыруға болады? Сіздің айналаңызда бар ма сондай адамдар? Жағымпаздық орын алған ортада адамгершілік құндылықтардың төмендеп кететіні несі? Өмірді жеңілдету үшін біз де өмірге жеңіл қарауымыз тиіспіз бе әлде?