Жағымды мінез бен эмоция – денсаулық кепілі

Адам тәнінің саулығы –  жан саулығының айнасы. Психикалық жағдайыңыз физикалық хал-жайыңызға тікелей әсер ететінін өзіңіз де білерсіз. Олардың бастауы болатын жағымды мінез бен көңіл-күй денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, өміріңізді ұзартады.

         Алдында жазып өткенімдей жағымсыз мінез дерт тудырса, жағымды мінез дерттің алдын алады.

         Ғалымдардың айтуынша адам миының сол жақ жартышары – жағымды эмоция мен қуаныш сезімінің туындауымен көбірек байланысты, ал оң жақ жартышар тиісінше жағымсызбен байлынысты.

         Жағымды мінез бен эмоция физиологиялық үрдістерді қалпына келтіреді. Олар ауруды басуға қабілетті.

Күлкі, қуаныш, шаттық сезімдері катехоламин гармондарын бөліп шығарады. Олар қабынудың алдын алады, ал эндофиндер ауруды басады.

Сонымен қатар, жағымды эмоция мен мінез қан құрамының өзгеруіне әсер етеді екен.

Қызығу, қуану, күлу, масаттану сезімдері күйзелістік (стресс) гармондардың көбеюін тежеп, денедегі қан айналымын өзгертеді: жүрек соғысын жиілетеді немесе сиретеді; қан тамырлары тонусын өзгертеді: қан қысымы төмендейді немесе жоғарылайды. Нәтижесінде теріге қан жүгіріп, жылу сыйлайды.

Сондай-ақ, тыныс алу ырғағы мен дене бұлшық еттерінің тонусы да өзгеріске ұшырайды. Күйзелістен аулақ жүретіндер тыныс алу жолдары ауруларына сирек шалдығады.

         Ғалымдар тағы бір қызықты жаңалықпен бөлісті. Күліп жүретін аналардың балалары салқын тию, тұмаумен сирек ауырады екен. Яғни, қауіпті вирустарды күлкінің көмегімен ығыстырады. Негізінде күлкі – тыныс алу жаттығуларының бірі секілді. Күлкіңіз қаншалықты терең әрі қатты болса, ағзаңыз соншалықты ілгерілемелі қозғалыс жасайды.

         Әлемнің бірқатар елдерінде кейбір дертті күлкі терапиясы арқылы емдейді. Жапонияда – туберкулезді, Үндістанда – жүрек, өкпе мен қан тамырларын емдесе, Англияда – қорқыныш сезімінен айықтырады.

Дертке дауа - күлкі! Күліп жүрейік!



Бөлісу: