Жағдайымды менің сұрасаң...

Қазір нағыз жас мамандардың жұмыс істеп өмірде өз орындарын тапқысы келетін кезең. Жақында ғана диплом алған жастар бірі дипломмен жұмыс іздеп жатса екіншісі магистратураға түсуді немесе екінші мамандық алуды ойласа, бірі ауылға кетуді жоспарлап жүр. 

Хеадхантер сайтының орташа есебі бойынша, бүгінде ұсынылған 1 қызметтік орынға 56 адам таласады екен. Бұл дегеніңіз жастардың жұмыс іздеу деңгейінің дәл бүгін жоғары екенін көрсетеді.  

Ал бүгінде жұмыс жасап жүрген жас мамандардың әлеуметтік жағдайы қалай, мемлекет тарапынан жасалған бағдарламалар оларға көмектесіп жатыр ма? Міне, осы сұрақтар төңірегіндегі сауалнама жүргізіп көрген едім. 

Бүгінгі "Жағдайың қалай жас маман?" сауалнамасы әлеуметтік желілер арқылы алынды. Сауалнаманың жүргізілген уақыты 1 күн. Сауалнамаға жалпы 62 адам қатысты. Олардың жас аралығы 18 бен 35 жас. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 49%- өз мамандығымен жұмыс жасаса, 26%- басқа мамандықта жүрсе, 10%- екінші мамандық алған.  


Жақында статистика агенттігінің берген есебі бойынша Қазақстандағы орташа жалақы 120 479 теңге болған болса, менің жүргізген сауалнамам бойымша орташа жалақы 90 000 теңгені көрсетті. 

Әлеуметтік желіде отыратын жас мамандардың 66%- жұмысқа өз қабілеті мен білімділігін көрсету арқылы орналасқан, бұл есеп бойынша біз "жұмысқа тек таныс арқылы, пара беру арқылы ғана кіреді" деген қалыптасқан кереғар стреотиптің өтірік екеніне көз жеткізе аламыз. 

Қазіргі күнгі жас мамандардың басты проблемасы- баспана. Өздеріңіз білетіндей, Астана қаласында жалдамалы пәтер бағасы бір бөлмелі пәтерге айына 400 $ дан басталып 1200$ ға дейін жетеді, ал Алматы қаласы бойынша 300$ мен 700$ арасында (ақпарат Крыша.кз сайтынан алынды). Сауалнама нәтижесі бойынша мамандардың 39% - баспана мәселесін шешуге қиындық тудырып тұр, ал "Қол жетімді баспана" бағдарламасына тек 10%- ғана үміт артады, яғни сол бағдарламаға ілінуге мүмкіндігі бар деген сөз. 

Жастардың отбасын құруына көбіне әлеуметтік жағдайдың төмендігі кедергі келтіреді. Дегенмен, сауалнама қортынды бойынша ұққаным, бізде балаларының жағдайын жасап қойған ата-аналардың деңгейі өте аз 4% ғана, ал жастар көмекті ата-аналарынан емес үкіметтен күтеді. Тек өз-өзіне, өзінің күшіне сенетіндер 26% ғана.

Ал нақты қандай көмек қалайтындары: 

Бізде жастардың интеллектуалдық қабілетіңнің дамуына, қызметтік өсуіңе жағдай көбіне мемлекеттік ұйымдарда жасалынады, ал жекеменшік компаниялардың көбінде мамандардан тек атқарушылық қызметті қана талап етіледі.


"Сен жұмыс істеген ортада Президенттің жастар туралы саясаты әлеуметтік тұрғыда басшылыққа алына ма?" деген сұраққа берген жауаптардан біздің мемлекетте жасалынып жатқан жастарға қатысты бағдарламалардың орындалу деңгейінің өте төмен екенін байқауымызға болады.

Мысалы, бір ғана "Дипломмен ауылға" бағдарламасын алар болсақ, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының бір мектебінде 6 маман осы бағдарламамен жұмысқа орналасқан. Оның бесеуі пара беру арқылы орналасса, біреуі ғана таныстық арқылы орналасқан. Ал, қазіргі күні осы маманның төртеуі іздеуді жүр себебі олар алған несиелерін өтей алмағандықтан және оларға басқа әлеуметтік жағдай жасалмағандықтан қалаға жұмыс істеуге кеткен (ақпарат мектеп басшылығынан алынды). Ал бұл бағдарлама бойынша көп деген түсініксіздіктердің көптігін мындағы сұрақтарданда байқауға болатын сияқты. Бұл мәселенің бәрі мемлекеттік ұйымдарда болып жатқан мәселе, ал жеке меншік компаниялардың басшылығы бұндай бағдарламалардың барлығын мүлдем білмейтін шығар... (келесі тақырыпта нақты ақпарат берілетін болады).

"Дипломмен ауылға" бағдарламасымен Алматы облысы, Ұйғыр ауданына ауылға қызметке барған танысым Айбарша Нұрдаулетқызына хабарласып бағдарламаның жай-жапсарын білген ем: 

- Басында осы бағдарламамен жұмысқа келдім дегеннің өзінде жұмысқа орналасуым қиын болды, менің мамандығым бойынша мектепте маман болмаса да мені жұмысқа таныстық арқылы әрең алды. Бар алған көмегім жеңілдікпен берілген несие ғана. Ауылда мәдениет орындарының жоқтығы, жағдайдың жасалмағандығы қалаға кету туралы ойға жетелей береді. 

Сауалнаманы қорыта келгенде, біздегі жас мамандарға әлеуметтік жағдайларының жасалуының деңгейінің төмендігін байқаймыз. Жастардың басты мәселесі баспанының қол жетімсіздігі мен еңбек ақының төмендігі. Президент ұсынған бағдарламалардың кейбірінің жастарды мәжбүрлікке әкеліп жатыр... Осы бағдарламаларды қолдайтын орталықтардың толық қанды жұмыс атқармайтыны, осы мамандардың аздығы бірден сезіледі.

Дегенмен, бір қуантатын нәрсе жастардың мемлекетке аузын ашпай өздерінің әлеуметтік жағдайына өздері жасауға тырысып, екінші мамандық алып алға ұмтылуы. 



Бөлісу: