Жағаңда ер жер жеткем!

Жағаңда ер жер жеткем!
жеке
блог

Еуропа мен Азияны бөліп жатқан жайық өзеніңің жағасында ер жеттім.Кішкентай кезімізде жаз басталса көрші қыздар мен суға түсуге асығатынбыз.Жайықтың арқасында тіпті  хауыз деген не екенін білмей өстік десем де болады.Ата-анамыз суға түсуге рұқсат бермесе қашып-пысып тығылып түсетін біз.Ұсталып қалып талай таяқ та жеген күндеріміз болған.Шіркін балалық десеңші.Ал қыс болса мұзға шығып,таңертеннен қара кешке дейін сырғанып ойнаушы едік.Сол кездегі бар жұмысымыз ойнау болатын .Үйден тамақ ішпей қолымызға анамыздың пісірген таба нанын алып шығып таласып жейтінбіз.Ал қазір біз бойжеттік ойнамақ түгілі бір-бірімізді арасында көріп тұрамыз.Өзгермеген жайық қана,ол бұрынғыдай бізді өзіне шақырып тұратындай.