Жағалауы "Көктемнің"...

Жағалауы "Көктемнің"...
жеке
блог

Мұң мен көңілсіздік тоң боп қатқан мына жанымның мұзын жібітер көктем нұры төксе екен шуағын тезірек. Көктем жағалауына өң кіріп, ойлана қарап рахатқа бөленер сылдыраған суының үнін сағындым... ҚазҰУ ғашықтарына ұғынысар мекен болған "Көктем" кеші қазір аққуынан айрылған көл секілді. Тезірек көктем лебі жетсе екен біз жаққа... Жалғыз барармын жағалауға биыл...