Мен Ақжолмен кездейсоқта танысқан едім. Бірақ, Оралхан Бөкей айтқандай кездейсоқ ештеңе болмайды бұл өмірде. «Ең дарынды журналист» байқауына сюжет дайындап аласұрып жатқанымызда ЗКТ оқитын бір ұлдың даусы қажет болды. Туу, санаулы ғана күндер қалды, кім оқып береді екен деп қамығып отырғанымда марқұм Айдос Ақш (Ақжолды бәрі «Ақш» дейтін) оқысын деп ұсыныс айтты. Содан жанына барып «мынаны әдемілеп оқып бересең бе?», - дедім. Дереу келісе кетіп, радиостудияға барып оқып берді. Сол кезде-ақ, ол өзінің даусымен ерекше әсер қалдырған болатын. Саған өнерге бару керек Ақш дегеніме жымиды да қойды. Кейін оператор табылмай тағы да қынжылдық. Сонда камераны қолына алып, Серікболды ерітіп ролигіміздің біраз кадрларын түсіріп берді. Түсірілім кезінде ҚазҰУ-дағы компьютер орталығына бару қажет болды. Түсіруге күзет кедергі келтіріп жүргенде, күзетшілермен ұрсып, қырылдым. Соны көрген Ақш маған қарап тұрып «сен Джеки Чан екенсің ғой» деді. Кейін университет қабырғасында көрген сайын солай Джеки Чан деп тілдесетін болды.
Мен Ақжолдың жабырқап жүргенін еш көрмеген едім. Өйткені, ол үнемі жадырап жүретін. Қай кезде көмек қажет болсын, үнемі қол ұшын беретін.
Кеше қаралы хабарды естігенімде сенгім келмеді. Мәңгілік сапарға еш қимадым. Мүмкін Аллаға Ақжол бізден де қатты керек болған шығар деп түйдім. Себебі, Алла да жақсы адамдарды алдымен алмай ма? Жаның жәннатта болғай Ақжол...