Жадымда жаңғырған - желтоқсан

Жадымда жаңғырған - желтоқсан
жеке
блог

Желтоқсанның  құрбандарын тәуеліздік күніне орай  еліміздің талай мекемелері мен қала-қоныстарында еске алып, олардың рухтары мен жанкешті ерліктеріне тағзым еткен болатын. Осындай мекмелердің бірі, Алматы қаласында орналасқан зағип  және нашар көретін азаматтарға арналған   республикалық кітапхана ұжымы да бар. Шараны кітапхана қызметкерлері  Н. Островский атындағы мәдениет үйінің ұжымымен бірлесе отырып ұйымдастырған болатын.

http://gdb.rferl.org/8F8DFAF1-5C21-4154-8094-74B85DFC7D0B_mw1024_n_s.jpg

Кітапхананың тұрақты оқырмандары қариялардан құралған «Қаламқас» сазды ансамблі, жас әнші Ержан Дүйсенбиевтер кештің көрігін қыздыра түсті.

Сонымен қатар желтоқсан құрбандарын еске алуға, тәуелсіздіктің жиырма үш жылдығына арналған салтанатты жиынға желтоқсан оқиғасын өз көздерімен көріп, бастарынан кешкен бүгінгінің батырлары  Халелхан Әділханов, Пернегүл Ерменбетова, Фарида Сайлакова мен Кенжебек Сүлейменовтер де қатысып,  жиылған жұртпен  қызу сұхбат жүргізді.

http://static.nmn.kz/media/upload/123/2014/05/15/f85957cebd7623500638ffb21bf05dd1.jpg

Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандарымен қатар ұрпақтар сабақтастығы ретінде мектеп оқушылары да қатысқан болатын. Атап айтар болсақ, Н Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған № 4 арнаййы мектеп -интернатының домбырашылар ансамблі мен С. Ходжиков атындағы мамандандырылған лицейден келген Махаббат Тайлақбаева пен Нұрбек Бахыттар да бой көрсеткен еді.

Кештің тағылымдық әрі эстетикалық құндылығы да тым ерек болғаны сөзсіз. Нағыз қаһармандармен кездесіп, олардың өнегелі өмірінен хабардар болған бүгінгінің жастарына үлкен сабақ, керемет кездесу боғаны анық.