Жабайыл ақынмен жүздестік.

  Жабайыл ақынмен жүздестік.

Әнші Жазира мен Жанболаттың  орындауындағы “Ауылым” әнін тыңдаған боларсыңдар. “Кіндігімнің жас қаны тамған жерім –ауылым” деп басталады.Әннің әуені де, сөзі де жарасымды.Ал, әннің  сөзін жазған ақын атамыз біздің ауылда тұрады.Ол кісінің аты- жөні Жабайыл Бейсенов.

“Қазақстан Студенттерінің Альянсы” мен Үржар аудандық орталық кітапханасы ақын атамызбен кездесу өткізді.Кездесуге ұзақ уақыт дайындалдық. Тосын сый ретінде бейнетаспаға түсірдік.Көкейде жүрген сұрақтарымызды қойып, арнау өлең де оқыдық. “Мен ауылды , туған жерді жақсы көремін.Туған жерімді тастап кете алмады... Бірнеше жыр жинағым бар.Оны балалар жатқа біледі.Сабақты жақсы оқыңдар. Сонда ғана өмірлерің айнадай жарқырап, жақсы өмір сүресіңдер”- деп атамыз ақ батасын беріп, ақылын айтты.



Бөлісу: