Ия деп басымды шайқадым

Ия деп басымды шайқадым
жеке
блог

тіл үйренуге
біраз қабілетім бар негізі..бірақ тай тілін үйренуге қанша ниеттен сем де, болмады.
Күнделікті оң, солымды айтатын бір қапшық сөздер жинағым бар, сонымен түсінісіп
жатамыз.

Бір жағдай ойландырып қояр емес. Ас ішіп отырғанда кейде қасымдағы орындықты сұрайды...
мен ойлаймын мынау бос па немесе алуға болады ма деп сұрайтын шығар деп. Сол оймен
әрине болады, ала берыңыз дегенге келтіріп басымды изеймын. Олар таң қалып
кетып қалады, бос тұрған орындықты алмай. Бірнеше рет болды. Бүгін тағы біреуі
келді, орындықты ұстап бірнәрселер деді. Мен басымды изеуге аз қалдым. Басымды
шайқап көрейіншы не болар екен деген ой келді. Басымды жай ғана шайқаған едім
рахметін айтып орындықты алып кетті.

Сонда олар қандай сұрақ қояды екен..?

Біздің тіліміздегі диалог былай болар еді

Алуға болады ма? - Ия алыңыз деп басымызды иеміз

Бос па? - Ия бос, тағы да келісу.