Иттердің эволюцияға ұшырауы...

Алдында Америкадан құрбым Камшат келгенде, америкалық иттер жайлы қызықты оқиғалар айтып беріп еді. Оларда адамдардан гөрі иттердің құндылығы жоғары сияқты дейді. Мысалы, бәріміз тауға баруға жиналдық, бірақ бір американдықтың иті ауырып, сол иті үшін қызықтан бас тартып, ауруханаға алып кетті дейді. Тіпті бір көршілерінің иті, Камшат сипамайынша жанынан кетпей қойыпты, "Сипа, сипа" деп. Сол кезде қатты таң қалған едік. Ал кеше мынадай бір оқиғаны оқып қалдым: "Мына итті Екатеринбург жолаушыларының көбі таниды. Ол күн сайын бір аялдамадан кіріп, бір аялдамадан түсіп қалады. Автобустан түскен соң, университеттің асханасына барады. Ол жерде оған тамақ беретін болса керек. Ал кешке жақын, час пикке түсіп қалмайтындай ерте шығып, қайта сол маршрутпен қайтады. Әдетте ешкімге кедергі болмас үшін шеттегі орындыққа отырып алады және адамы аздау маршрутты таңдайды."

Бір ғасырдан кейін осы иттермен бір үстелде тамақ ішіп, олардан кеңес сұрайтын заман болар ма екен?..


Бөлісу: