Ит-мысықтар да қонақүйде "тынығады"

Ит-мысықтар да қонақүйде "тынығады"
жеке
блог

Шымкент көшелерінің бірінен ит пен мысықтарға арналған қонақүй көзге шалынды. Ондағы тіршілік, ондағы өмір қызық көрінді маған. Бас сұғып көрген едім. 
қонақүй ит мысыққа арналғанҚонақүйдің иесі – Владислав Клицкий екен. Ол ветеринария саласында 20 жылдан бері қызмет етіп келеді.
қонақүйБіраз жыл бұрын басқа қалаға қыдыруға кететін кезде итін қайда, кімге тастарын білмей басы қатады.  Содан “неге ит пен мысықтарға арналған қонақүй ашпасқа?” деген ой келіп, бірден жүзеге асыруға кіріседі.
20Қонақүй мысықтарға, ұсақ тұқымды және ірі төбеттерге арналған. 15 орынды. Мұнда сондай-ақ ветеринария, күндізгі стационар, зоодүкен, тіпті әсемдік салоны да бар.
5Әр бөлмеде үйшік,
6жатын орын, ыдыс-аяқ,
7тіпті қажеттіліктер сөресі де жеке-жеке қойылған.
8Бұдан бөлек әр бөлмеде желдеткіш орнатылған. Қонақүй иесі алдағы уақытта теледидар да қоятынын айтты.
9Қонақүй бағасы тәулігіне иттерге – 1500 теңге, ал мысықтарға – 1000 теңге.
10

10-1Айтпақшы мұнда ит-мысықтар арнайы ваннада шомылдырылады.
11Мені қызықтырғаны әсемдік салоны болды. Мұнда олардың жүндерін шашкептіргішпен кептіріп, арнайы шаш үлгісін қиып береді.

12Ақшасын төлесеңіз, тіпті тырнақтарына да арнайы күтім жасалынады.
13Сұлулық салонының қызметкері Алана Мәскеудегі «Милорд» әсемдік орталығында тәжірибеден өтіп, диплом алыпты.
14Әсемдік салонындағы қызмет көрсету ақысы 300 теңгеден басталып, 8 000 теңгеге дейін барады.
15Айтқандай, ит-мысықтарға арналған косметикалық заттарды арнайы тапсырыспен Италиядан алдырады екен.
16Мекендеушілерге  күніне екі мезгіл тамақ беріледі. Иттер аулаға серуендеуге шығарылады.
17Қонақүйде бірінші кезекте тазалыққа мән беріледі. Ит-мысықтар қабылданбас бұрын емхана дәрігерлерінің тексеруінен өтеді.
18Егер денсаулығында қандай да бір кінәрат байқалса, қонақүйге қабылданбайды.
19Ит-мысықтарын алып келіп, тапсырып кетушілер көп. Біз барғанда бос орын аз болды.
_MG_2707Барлық жағдайы жасалған қонақүйде «тынығып» жатқан ит-мысықтар кейбір адамдардан бақыттырақ көрінді маған)))