IT- журналистикасында сені не күтеді?

IT- журналистикасында сені не күтеді?
жеке
блог

Ақпараттық халықаралық технологиялар университеті. 2009 жылы ашылған жас оқу орыны. Аз уақыт аралығында IT саласындағы үздік мамандар шыққан ХАТУ-ға биыл журналистика мамандығына оқуға түстім.  Алғашқы күндерден бастап  студенттік өмірім мәнді де, мағыналы өтуде.      

Студенттік ұйымдар жәрменкесі.  IT университетіндегі маңызды күндердің бірі. 16- қыркүйек Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде студенттік ұйымдар жәрменкесі өтті. Іс-шарада оқу орнының бір-қатар студенттік ұйымдары қатысқан. Жәрменкеде "ShadowS","Debate Club", "Enactus", "IT FM", "IITU Family"," Student Government" ұйымдық топтары студенттерді өздері туралы ақпараттандырды. Өнерлі жастар неше жылдан бері дәстүрге айналған күнді ән мен биге көмкерген болатын. Қызық ойындар ойнатылып, абитуренттердің көңілін көтеру үшін барлық жағдай жасалған. Студенттер қызығушылығына қарай түрлі топтарға бөлінді, ұйымдарда өз кезегінде қатысушыларға түрлі сыйлықтар таратты.  Іс-шара 1-курс студенттері ұшін айтулы күн болғаны сөзсіз. Бұл күн жарқын сәттерге толы болды.

Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасы жас мамандардың тілшілік  дағдыларын арттыру барысында көптеген шеберлік сағаттарын өзкізіп келеді. Солардың бірі «Таңшолпан» бағдарламасының Алматы филиалының продюсері Айнұр Мәуленмен кездесу. Продюсерліктің қызығы мен шыжығы талқыға салынған жиын жоғары деңгейде өтті. Шығармашылық ұжымды басқарудың ауырлықтарымен бөлісті. Көрермен алдындағы жауапкершілік туралы әңгіме қозғады. Тек продюсерлік емес, сюжет жасаудағы тәжірибесімен бөліскен. Әрдайым сапаның бірінші орынға қоятын Айнұр Мәулен болашық әріптестеріне бар білгенін айтты. Тіпті «Таңшолпан» студиясына қонаққа шақырды. Мастеркласстар бұнымен тоқтаған жоқ. ХАТУ журналистерін әлі талай кездесулер күтіп тұр.

Сондай кештердің жалғасы ақын Алмас Ахметбекұлымен болды. Жиын Патриоттар форумы деп аталған. Олай деп аталу себебі 20-21 қазан республика күнімен қатар келді.Конференфияды қонақ өзінің «Көк тудың желбірегені» әнінің шығу тарихын айтып берді. Тіпті әнді студенттермен бірге жанды дауыста орындады. Өзінің өлеңдерімен бөлісті. Тек жеке шығармашылығынан емес, ақын ата-бабаларымыздың жыр шумақтарын оқып берді. Республика күніне арнайы шақырылған іс-шарада Алмас Ахметбекұлы отанға деген маххаббат, патриотизм туралы сөз қозғаған. Еңбектерін университет кітапханасына тапсырған.Аңыз адаммен кездескен жастар, кештен ерекше әсер алып шықты. Шығармашылыққа деген жаңа тыныстары ашылғандай. Бұл іс-шара біраз уақытқа дейін  IT журналистерінің аузынан түспеді.

Оқуға жана түскен студенттердің асыға күтетін бір мерекесі бар. Бұл қарсалу кеші. Айтулы күн ХАТУ-да 4-қараша ұйымдастырылды. Мерекеге жауапты студенттік басқарма болатын. «Бақшасарай» салтанат сарайында болған іс-шара жоғарғы деңгейде болды. Университеттің «Shadows», «AUEN» ұйымдары мейрамхана ішін ән мен биге толтырды. Белсенділік танытқан 1-курс студенттері марапатқа ие болды. Әр факультетке жауапты адамдармен таныстырған. Кештің атмосферасын айтып жеткізу мүмкін емес. Музыка, жарық, көтерінкі көңіл-күй, барлығын сол кештен тапқандай. Салтанатты күннің қонақтары ретінде Абдр мен CALI шақырылды. Шара 1600 талапкерді қамтыған. Бұл университет қабырғасындағы ең ірі кештердің бірі болып қалатыны сөзсіз.

IT университеті білімді теория жүзінде емес, практика түрінде жүргізеді. Бұл оқу ордасының үлкен ерекшелігі. Болашақ тілшілерде шеберліктерін арттыру мақсатында көптеген телеарналар мен бағдарламаларға барады. 2-желтоқсан «Қослайық» бағдарламасы шеберлік сағатын ұйымдастырды. Ұжым ХАТУ-дың журналистика факультетінің   1 курс студенттерін қонақ етті. Талапкерлер шығармашылық топтың жұмыс барысын бақылаған. Әр маманның міндеттерімен танысты. Студияға экскурсия жүргізген болатын. Жарық пен камераның кәсіби тұрғыдағы маңыздылығын білді. Жас журналистер танымал тележүргізуші Диана Скатовамен кездесіп, сұқбаттасқан. «Сіздерге тілерім. Барлықтарыңыз өз істеріңіздің майталманы болып. Арман, мақсаттарыңызға жетуге тілектеспін», деп ыстық ықыласын білдірді Диана Скатова. Талапкерлердің бұл сапардан алғаны көп. Біразінің мамандыққа деген махаббаты артып, шабыт алғандай. Әлеуметтік желілерде жарыса жариялады. Оқытушылар бұл тек басы екендігін айтты. Алда әлі медиамамандарын талай шеберлік сағаттары күтіп тұр.

 ХАТУ-дың мақсаты бүгінгі және болашақ журналисттерді дайындау. 4 жыл бойы біздер мамандықтың барлық тармағында өзімізді практикалық тұрғыда білім аламыз. Камера ұстап, сұхбат алып жүрген студенттерді тек IT университетінен көруге болады. Жоғарғы оқу орнында оқып жүргеніме 4 айға жақындады. Осы уақыт ішінде мақала жазудың қыр-сырың меңгердім. Ой тазалығы, сауатты жазылымдар, бейтарап болуды үйрендім. Кәсіби интервью дайындаған кездерімде болды. Кейіпкерді ашу және тыңдай білу туралы түсінгімді артты. PR негіздерін білдім. Мектепте мұғалімдерге еркелеп өскен балаға студенттік өмірге үйрену қиын екен. Оқу ордасының тыныс-тіршілігіне енді арласып келе жатырмын. Бұл тек менің алғашқы қадамдарым ғана. Қазақ журналистикасының келешек тізгінін IT-дің журналисттері ұстайтынына сенімдімін. ХАТУ-дың тыныс-тіршілігі осындай деңгейде. Бұл тек көзбен көрген, құлақпен естігендер ғана. Басқа салаларда өтіп жатқан шаралар қаншама. Санап тауыса алмайсың. Сапалы маман даярлап шығаратын, бұл университет әлі-ақ талай шыңды бағындырады.