Исламтану мамандығы
блог
Әр жеке тұлға өмір есігін ашқан соң, сол өмірдің ағысына ілесе білу керек. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жақын мамандық таңдау сәті- асқақ арманына деген ең алғашқы сатысы... Ол мамандықты таңдап қана қоймай ,соған сай білім алып сол саланың нағыз білгірі болу. Қазіргі кезде заман ағымына сай көптеген мамандық түрлерін кездестіруге болады.
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентімін. 2018жылы біздің оқу орнымыз Елбасының қолдауы мен тағы болашақ мамандарды даярлайтын, бір мамандық пен толыққан болатын. Сол жылы мектепті бітіріп, өзім армандаған оқу орнына келіп, шығармашылық емтиханды тапсырып Алланың қалауымен сол мамандыққа оқуға түскен болатынмын.
Міне содан бері екі жыл уақыт өтіп , 3курсқа қадам бастық. Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, "Исламтану " мамандығының студентіміз. Жалпы бұл мамандық Қазақстан бойынша үш жоғарғы оқу орнында, мамандар даярлайды. Дәл осы мамандық, бүгінгі қоғам мен адам үшін ең қажетті мамандықтардың бірі деп есептеймін. Исламтану мамандығының ашылуы көптеген жас түлектерге жаңа жол ашты. Біз бұл мамандықтың бакалавр дипломын қорғап шығатын ең бірінші студенттер боламыз.
Исламтану қандай мамандық? Кім боласыздар? Қайда жұмыс жасайсыздар? деген сұрақ өте көп. Ең алғашқыда өзіме де таңсық болатын. Исламтану мамандығы- ислам дінінің тарихын, бүгінгі қоғамдағы таралуын зерттеу. Әр адамның бойына діннің дұрыс бағытпен берілуін, теріс жолға түспеуін, тіпті қоғамның көзқарасы, қалай қабылдауына дейін зерттейді. Қазіргі кезде Дінтану, Исламтану мемлекет тарапынан ерекше көңіл білдіріп, қажет деп тапқан мамандықтар.
Исламтану мамандығын оқып шыққан студенттер тек қана мешітте уағыз айтып , имам болып отыратын адам болмайды. Бұл сала зайырлы мамандық, сіз мұғалім, экономист, заңгер дейтіндермен асып түспесе, кем емес. Біз екі жылдың өзінде қаншама құнды , өмірлік сабақ болатын, мәңгі есте сақтайтын біраз дүниелерді өттік. Ислам кеңге қанат жайып тұрған Асыл Дін. Әр адамның ұстанатын өз діні болады. Қазір әлемдік деңгейде дін шиеленіскен жағдайда екенін білеміз. Қаншама адам соның кесірінен теріс ағымға түсіп, басқа жолдармен жүріп жатыр. Сондықтан да біздің мемлекетімізге Исламтанушы, Дінтанушы мандар көптеп керек деген ойдамын.
Альбина Еркетайқызы, Мыңбай Гүлшат.