Қазіргі таңда , бүгінгі қоғамның ең бір басты негізгі мәселелерінің бірі ол бала тәрбиесі. Бала деген кім? Бала бір отбасының көз қуанышы, анасы мен әкесінің көзінің ағы мен қарасы. Бала болашақ ұрпақ, мемлекеттің болашағы бір кірпіші. Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі мен мемлекеті. Дүниеге шыр етіп келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыратын орта. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Балаға ең басты тәрбие өз отаны отбасынан басталады.
Ауылды, парасатты, ізгі тәрбие, тәрбиенің кемелдігі неден басталмақ? Ол ең әуелі баланың өз ата-анасын сыйлауы, иманды болып өсуі, жанашыр, адал, еңбекқор, кішіпейілділік секілді ізгі қасиеттерді бойға сіңіруі. Қоғамды құрайтын жанұяның бір мүшесі ол – бала. Ата – ана болудың зор жауапкершілігі де осы кезден басталады. Ислам дінінде бала – өмірдегі сынақтардың бірі ретінде қаралады. Сол себепті сынақтан сүрінбей өту үшін балаға өмірде жақсы – жаманның, обал – сауаптың не екенін, қалай еткенде жақсы адам болып қалыптасудың жолдарын үйрету, парасатты тәрбие беру – ата-анаға міндеттелген іс. Есейгенде қоғамға пайдалы азамат болуы, жас кезінен анаша, есірткі, автомат ойындары, сыра, арақ, темекі, зинақорлық секілді теріс қылықтарға үйір болмауы, ешкімнің ала жібін аттамауы.Ислам діні ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақсы деңгейде болуын назарда ұстайды. Осы мақсатта ата-анаға артылатын міндеттер аса маңызды. Ол үшін баланың бүгіні ғана емес ертеңгі өміріне де дайындық жасалуы талап етіледі. Яғни, Алланы танытып, иманды, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу.
Ислам дінінде үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, бала тәрбиесі, отбасы құру, шаңырақ көтеру сияқты үлкен мәселелер анық-айқын көрсетіліп, пайғамбарымыздан хадис болып жеткізіліп келеді. Соның бірі – бала тәрбиесі жайлы хадис. Пайғамбарымыздан жеткен бұл хадисте әке-шешесінің баласының алдындағы үш міндеті туралы айтылады және сол үш міндетке тоқтала кеткеніміз жөн болap.
Eң бірінші, атa-ана баласына азан шақырып, бала өз есімінен ұялмайтындай ислами ат қою, екіншіден балиғат жасына дейін дұрыс тәлім-тәрбие беріп, балиғат жасына толған кезде сәждеге әкеліп намаз оқуды үйрету, үшіншіден ер жетіп, бойжеткен соң балаға шариғат бойынша халал тойын өткізіп беруі. Пайғамбарымыз с.ғ.c-нан келген тағыда бір хадисте «балаларыңмен ойнаңдар, балаларыңды еркелетіңдер» делінгенін білеміз. Бала тәрбиесі жайлы айтылатын хадистер өте көп. «Баланың тәрбиесі өмірлік жарыңды таңдаудан басталады» - деп пайғамбарымыз айқын көрсеткен. Имамды жар- тәрбиелі ұрпағыңның мәйегі. Отбасының басты мақсаттарының бірі, ол салихалы ұрпақ сүю болуы тиіс. «Ана өзінің жүктілік кезеңінде асының адал болуын қадағалауы тuic, cебебі құрсаққа түскен жаман ас балаға зиян қылмай қоймайды» - деп пайғамбарымыздан келген тағыда бір хадисте көрсетілген. Еciмін дұрыс таңда, себебі жақсы есімнің балаға әсері бар. Баланың тағдырына әке-шешесінің амалдарының ықпал ететінін ұмытпаған жөн. Әр нәресте мұсылман болып дүниеге келеді, әрі қарай оның иманды немесе дінсіз болуына ата-анасының тәрбиесі тікелей байланысты. Пайғамбарымыз с.ғ.с-нан келген бір хадисте, екі жасар баласы бар әйел балаға тәрбиені қай жастан берсем болады деген сауалмен келеді. Сонда пайғамбарымыздың берген жауабы «сіз екі жылға кешіктіңіз» - деген екен. Себебі бала тәрбиесі ана жатырынан басталуы тиіс.
Жас жеткіншекке жанұяда дұрыс тәрбие берілсе, болашақта одан үлкен нәтиже күтуге болады. Дұрыс тәрбие алған бала ата – анасын қуантып отырады. Балаға дұрыс тәрбие берудің өзекті бір саласы- балада еңбекке деген әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Бұны тек мұғалімдер ғана емес әрбір ата – ана қолға алып, өз балаларының гүл, ағаш егіп, ауланы көгалдандыру сияқты игілікті іске қатысуын қадағалап отыруы керек. Сонда ғана еңбексүйгіштік қасиет берік дағдыға айналады. Еліміздің болашағы – ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру – баршаға ортақ, әрі міндет. Болашақ ұрпақтың тәрбесіне үйдегі ата анасыда, сіз бен бізде жауаптымыз!
Гүлшат Мыңбай,Худиббаева Бақыт. Жетекші: Абдуллаев Нұржан