ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
блог
Ислам жалпы ғаламға таралған дін, оның ұстанушылары да әлемнің түкпір-түкпірінде таралған. Исламмен бірге ислам құндылықтары дамып күн санап өркендеуде. Өскелең ұрпақ елдің келешегі, оларға тиісінше рухани тәлім беру, тәрбиелеу – ата-ана, ел ағалары мен дін жетекшілерінің мойнындағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл қазіргі жастардың адамгершілігі мол, рухани бай азамат болып қалыптасуы үшін маңызды. Сондықтан да шығыстық түсініктегі тәрбие ұғымының ел болашағына бағыт-бағдар берудегі маңызын ескерген жөн. Өйткені ана жатырында жатқан сәтінен бастап бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырытан мұсылманшылық тәлім біздің халықтың дәстүрімен біте қайнасқан. Ислами құндылықтар ол әрбір ислам дінін ұстанушының өмірімен тығыз байланысты нәрсе.
Ислами құндылықтарға біз нені жатқызамыз? Ислами құндылықтар бұлар - адамгершілік құндылықтар, әрбір нәрсенің қадіріне жете білу, адалдық, жақсылыққа ниет ету, бірлікпен бейбітшілікті қалау, ар-ұятты сақтау осының барлығы құндылықтарға жатады. Енді қазіргі таңда жастарымыздың арасында осы ислами құндылықтар қай деңгейде, қандай орын алып жатыр деген сұраққа жауап іздесек. Жастар арасында исламның негізі бар болғанымен, ислами құндылықтардың не екендігін және оның қандай екендігін түсінбеу баршылық.
Қазақи салттың өзі исламның құндылығынан тамыр алып жатыр. Ислами құндылықтарды осы қазақи салт-дәстүрмен шатастырып, тіпті ширкке жақын мағынада түсінуде. Мысал ретінде, үлкенге құрмет көрсету, адами қасиеттерді өзіне сіңіру, қайтыс болған кісіні арулап шығарып салу сынды әрекеттер. Бұның барлығы қазіргі таңдағы жастардың өмірінде аса маңызды орын алып жатқан жоқ. Тек сырттан келген мәдениетті сіңіруде. Ислами құндылықтың өзін толық білместен, исламға шетелдік мәдениетті қосып адасушылыққа салуда.
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы адами құндылықтарды қорғап, сақтап келген. Сондықтан, қазақтардың осындай рухани жоғары дәрежеде исламды насихаттауы таңқаларлық жағдай емес. Ал, осындай насихаттарды халқымыз өздерінің жырларымен, әңгімелерімен, мәтелдерімен, сондай-ақ, салт-дәстүрімен жеткізе білген.
Біз әрқашан Алла Елшісінің (с.ғ.с) жолын ұстанып, ислам ілімдерімен сусындап, өз салт-дәстүрлерін ислам шариғатымен сабақтастыра өмір сүрген қазақ халқымыздың осындай қасиетті әдет-ғұрыптарымен салт-дәстүрлерін ары қарай жалғастырып, кейінгі ұрпақ пен өскелең ұрпаққа мұра ретінде қалдырсақ, құндылықтарымызды ешуақытта жоғалтпаймыз!
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университі, Философия және саясаттану факультеті, Исламтану мамандығының 3 курс студенті Айша Шалкарова