Ислам және Мұхаммед пайғамбардың өмірі
блог
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 1- курс студенті: Әкімбек Сабина
Жетекшісі аға оқытушы: Тунгатова У.А.
Ислам және Мұхаммед пайғамбардың өмірі
Ислам діні бұл – Әлемдегі ең жас дін болып табылады. Ислам әлемде ең көп таралған үш діннің бірі. Қазіргі уақытта қарайтын болсақ Ислам дінін шамамен алғанда 1,3 млн адам ұстанады. 28 мемлекетте ислам мемлекеттік дін болып табылған. Тағы айта кетерлігі, осы кезде Ислам дінін қабылдаушылар саны әлде қайда өсіп келе жатыр. Бұл дін қуатты, саяси белсенді күш.
Ислам дінінің негізін қалаған Мұхаммед пайғамбар жайлы айтатын болсақ, Мұхаммед пайғамбар 570 жылы Арабияның ірі сауда және діни орталығы Мекке қаласында дүниеге келген. Еңбекке жастайынан араласып, көптеген қиындықтарды басынан өткерген. Әкесі Абдалла ұлы туылғаннан кейін қайтыс болады. Ал, анасы Әмина меккелік дәстүр бойынша баланы асыраушы әйелге береді. Кейіннен бала Мұхаммедті ағасы Әбу Таліб асырайды. Әбу Тәліб саудамен айналысқанымен, қарапайым күн кешеді. Осы себептерден де Әбу Тәліптің жағдайлары жақсармай, балаларын туыстарына беруге мәжбүр болған. Мұхаммед пайғамбар Әбу Тәліптің кенже баласы Әлиді асырайды. Мұсылман тарихшылары Мұхаммедтің бойындағы пайғамбарлық қасиетінін алғаш белгілері- түс көруінен болды деген. Ол әр жыл сайын Меккедегі Хира үңгірінде жалғыз отырғанды ұнататын. Мұхаммед үңгірден шығып, орта жолға жеткенше «О, Мұхаммед сен Алланың елшісісің, мен сенің Жәбірейілімін!» деген дауыстар естіледі. Ол қай бетке қараса да, көз алдына періштелер көрінеді. Үйіне келгеннен кейін бұл көріністерді яғни болған оқиғаларды әйелі Хадишаға баяндап береді. Осылардан кейін Хадиша бірінші болып, Мұхаммедтің пайғамбарлығына сеніп, алғаш дінді қабылдаушы болды.