Инвесторларға арналған отандық Radar желісі туралы білесіз бе?

XXI ғасыр – әлеуметтік желінің заманы. Кезінде интернет пайда болғанда адамзат «енді кітапты үйде оқып, киноны телевизорсыз-ақ көреміз, жұмысты да интернеттің көмегімен үйде істей береміз» деп қуанған еді. Бірақ сосын интернеттің өгей шешеден туған баласы іспеттес әлеуметтік желі пайда болды да бәрі сөз күйінде қалды. Өйткені, әлеуметтік желілер интернетте пайдалы дүниеге жұмсайтын энергияның бәрін тартып алды. Әлеуметтік желілер тек сурет салып, лайк басумен ғана шектеп тастады. Бірақ, белгілі бір бағытқа не қоғамның арнайы өкілдеріне арналған кішігірім желілер бар. Бүгін солардың бәрі, инвесторларға арналған қазақстандық Radar атты әлеуметтік желі туралы айтамыз.

Ол қалай жұмыс істейді?
Radar желісін Jusan Invest компаниясы жасап шыққан. Себебі, компания клиенттері қор нарығындағы өз тәжірибесін басқаларға бөлісіп, жаңа бастап жатқан инвесторларға лайфхак-кеңестерін жазуға мүмкіндік бергісі келеді. Сондай-ақ, ол жерде үздік сарапшылар нарыққа қатысты өз болжамдарын да жариялайды. Белгілі бір деңгейде нарыққа әсер етуі мүмкін жаңалықтарды жазады. Кәдімгі фейзбук немесе туиттер секілді әлеуметтік желі. Бірақ, әңгіменің ауаны акция, облигация, қор нарығы, криптовалюта және тағы осыған ұқсас тақырыптар ғана қозғайды. Кейде пайдалы видео лекциялардың сілтемесін де салып тұрады.

Қалай тіркеледі? 
Jusan Invest-тен шот ашып, қосымшаны жүктеп аласыз. Қосымшадағы «Инвестициялар» бөлімінен Radar желісін көруге болады. Сіз инвестициялық шот ашу арқылы автоматты түрде радарға тіркелесіз.

 



Бөлісу: