Инвестиция дегеніміз не?

Қазіргі экономикада инвестиция термині көп қолданылады және ол өте маңызды қызмет атқарады. Сонымен инвестиция дегеніміз белгілі бір дүниеге табыс табу мақсатымен ақша салу. Мысалы: сізге бір жобаны ұсынады, сізге де ол жоба ұнады яғни сіз жобаны жүзеге асыру үшін жоба иесіне ақша бересіз бұл инвестиция деп аталады. Ескерту көпшілік инвестиция мен қарызды шатастырып жатады. Бұл екеуі екі түрлі дүние қарызды белгілі бір мерзімге және қанша қылып қайтарылатыны алдын ала белгілі болады. Инвестиция да бәрі керісінше сіз салған ақшаңыздың қашан және қанша болып қайтарылатыны белгісіз болып қалады. Егер сіз ақша салған жоба құрдымға кететін болса онда сіз ақшаңызды қайтара алмайсыз. Ал ақшаны қырызға берген болсаңыз заңды түрде бәрін қайтарып ала аласыз. Бұл жерде әрине қарыз беру тиімді болып көрінеді бірақ, инвестиция салу тиімді. Енді сұрақ неге?

Егер сіз ақшаны қарызға берген болсаңыз онда алдын ала келіскендей 10 немесе 20 пайыз көбейтіп қайтара аласыз, ал инвестицияда айтып өткеніміздей қанша болып қайтатыны белгісіз. Мысалы: сіз 2004 жылы facebook әлеуметтік желісі ашылған кезде оған 1000$ инвестиция салған болсаңыз ол қазір 200 миллион $ блып қайтар еді. Ал ол ақшаны қарызға берсеңіз әрі кетсе 20-30 пайзға ғана көбейеді. Әлемдегі ең бай адамдардың көбісі инвесторлар, қарыз берушілер емес.



Бөлісу: