Интернетте қалай сауда жасауға болады?
блог
Сәлеметсізбе, қалыңыз қалай, шаршамай жүрсізбе!
Егер барлығы ОК болса, тауар сатып алуды бастайық
Ол үшін бізге 4 шартты орындау қажет. Олар:
1.Саған ең жақын жердегі "Қазпочта" бөлімшесі;
2.Qiwi кошельектен шот ашу;
3.Өзіңіздің төл құжатыңыз , немесе туысқандарыңыздікі де жарайды.;
4.Жақсы интернет ;
Енді осылардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталсақ.
1.Сізге ең жақын "Қазпочта" бөлімшесіне барып, сол жердегі қызметшілерден бөлімшенің Толық адресін, индексін біліп алуымыз керек. Барлық ақпаратты бір қағазға жазып бер десеңіз жазып береді.
2.Кез келген жерден тек QIWI терминалын тауып QIWI кошельокқа тіркеліңіз. Тіркелгенде телофоныңызға СМС келу керек. Одан кейін телофонға единиция салған секілді QIWI терминал арқылы QIWI кошельегіңізді ең көп дегенде 2500 теңге, ал ең аз дегенде 1800 теңгеге толтырыңыз. Бұл сома алғашқы қадамыңыз ретінде өте ыңғайлы.
3.Енді Аliехрress.соm сайтына кіріп электрондық поштаңыз (@mail.ru;@gmail.com;@ya.ru) арқылы тіркеліңіз.
Енді бір 30 минут демалып алыңыз.
Тауар сатып аларда Aliexpressке жоғарыда тіркелгені аккаунтыңызға негізі компютер арқылы кірген жақсы. Комп пен кіргенде тауар іздеу, сатып алу,тауарды таңдау процесі өте жеңіл жүреді.
Тауар аларда сатушының рейтингі, тауардың жеткізілуі (бесплатное доставка), сатушы ол тауарды барынша көп адамға сатқаны және соны сатып алған адамдардың отзывыне өте мұхият НАЗАР АУДАРу керек.
Жоғары да айтылған кеңестерді жақсылап орындаған соң тауарды сатып алу процесі іске қосылып, Адресь толтыратын жеріне толық "Қазпочта" бөлімшесінен алынған адресті толтырып ,телефон ұяшығына өз телефон нөміріңізді жазасыз. Одан кейін тауардың ақшасын төлеу процесі жүріп. Тауар сатып алу аяқталады.
ЕСКЕРЕТІН ЖАҒДАЙ :
1. Тауар "бесплатное доставка" да болу керек ;
2.Ақшаңыз үшін қорықпаңыз ,тауар келмесе Али экспресстен ақшаңыз ды қайтарып ала-аласыз;
3. Ешқашан тауарды өз қолыңызға алмайынша" ПОЛУЧИЛ ТОВАР" кнопкасын басып қоймаңыз.
4.Тауарды сатып алған соң ол қай жерде келе жатқанын біліп жүру үшін GOOGLE play MARKET тен " track checker" программасын орнатып, тауарларды бақылап отырсаңыз болады. Тауар Қазақстан аумағына кіргенде оның "ТРЕК" нөмірін айтып 8(800) 080-08-80 нөміріне Қазпоштаға тегін телефон шалып өз пошта бөлімшеңізге келгенше тауарды күніне бір рет internet arqyly qadaqalap отырыңыз. Тауар сіздің "Қазпошта" бөлімшесіне келгенде,бөлімшеге барып, керекті төлқұжатыңызды көрсетіп, тауарды үйіңізге алып кетесіз.
Барлығы алғашқы рет болып тұрса қорықпаңыз, бұл бірінші рет қызбен кездескен сияқты. Басында бәрі қорқынышты кейін күн өте бұғанда үйреніп кетесіз. Одан кейін сізге қорықпаудың тағы бір жолы Интернет пен Компты жақсы білетін достарыңызбен бірге сауда жасасаңыз сізге өте жеңіл тиеді.
Сауда барысында сұрақтар туындап жатса сізге google.kz пен youtube.com сайттары көмекке келуге дайын.
Саудаңыз сәтті өтсін !!!