Интернетте отырған кезде жағымды пікір жағымсыз пікірге қарағанда аз жазылатынын байқаймын. Неге адамдар жаман пікір айтуға құмар?
Осы сұрақ қатты ойландырып жүр. Мәселен сол жаман пікір жазған адаммен көзбе-көз кездесіп қалсаң, бет жыртысып кетпей жай ғана жымиып, сәлем беріп өте шығуы мүмкін. Ал өзінің әлеуметтік желісіне кірген соң түбегейлі өзгеріп, бетперде киіп шыға келеді. Мұны қалай түсінуге болады?
Бәлкім адам интернетте ешкім бетін көрмейтін болған соң, батылданып кететін болар. Сонда шынайы бейнесі қайсы ол адамның? Сонда әр адамның ішінде жағымсыз бірдеңе өмір сүретін болғаны ма? Мүмкін өмірде жолы болмаған адамдар интернеттегі образы арқылы адамдардың бәрінен өш алғысы келетін болар? Олай болатын болса, бұл өте қатерлі жайт емес пе?
Осы сұраққа деген ойларыңызды білгім келеді. Не үшін әлеуметтік желіде позитив аз? Неге адамдар жақсы сөз айтуға сараң?..
Сурет: hq-wallpapers.ru