Интернетсіз өмір...

Интернетсіз өмір...
жеке
блог

Бір өмір. Мың оқиға. Миллион идея. Миллиард ұмтылыс. Мүмкіндік көп болып көрінгенімен ертеңгі күннің болары не болмасы Жаратқанға ғана аян.  Бес күндік осы жалған дүниені телефонға телмірмей өткізу - өзімізге сын. Оны даттай беруге де болмас. Ол  мына өмірдің маңызды бөлшегіне айналғалы қашан. Расымен, қазіргі таңда ұялы телефонсыз, интернетсіз өмір сүру қиындап кетті. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Кейбір адамдар интернетсіз-ақ керемет  күн кешуде. 

Біз интернетті не үшін қолданамыз? Әрине, алыс-жақын туыстармен, достармен хат алмасу үшін, керекті материалдарды іздеу үшін, инстаграм, фейсбук желілеріне қосылып, күнделікті болып жатқан жаңалықтармен бөлісу үшін. Айта берсек көп қой.

Сіз интернетсіз өмір сүре аласыз ба?- деген сұраққа жауап іздеп көріп едім, адамдардың 40% -ы "иә" десе, қалған 60%-ы "жоқ"- деп жауап қайтарды.  Осыдан-ақ адамдардың интернетке қаншалықты тәуелді екенін білуге болады.

Ең бастысы біздің өміріміздің идеясы телефонда, интернетте  тұрып қалмасыншы, ағайын! Ол жақындардың жылуын, жақсылардың жарығын, жамандардың суығын көріп, сезіп, саналы өмір сүруге кедергі келтірмесін.