Қыздар кеш болса да айтайын өткен мерекелеріңмен.Менің интернетсіз 5 күнім,мен өзімді сынап көргім келді интернетсіз қалай өмір сүреді екенмін деп және сынадымда, сынақтың нәтижесін сіздерге жарияламақпын
1-күн.Күндегі әдетімше 7-де тұрдым әдетімше интернетке кіргелі жатыр едім өзімнің өзіме берген уәдем есіме түсті кірмедім,сабаққа келдім уақыт әдетінше өтті сабақтан жаңа тапсырмалар алдым интернеттен қарауға болмайды кітапханаға жүгірдім (сирек баратынмын керегімді интернеттен алатынмын)2-3 кітап алып толық ақтарып шықтым керегін жазып алдым сөйтіп компьютермен тердім(негізі инеттен көшіріп алушы едім ақпаратты)біраз уақыт жоғалттым үйге қайттым жолай газет алдым жаңалық оқу керек өйткені(бұрын оқымайтын едім десемде болады газетті)массагетке кірмедім,агентке кірмедім(негізі агентте көп отырмаймын тек кеш құрым бір шолып өтемін кім отыр кім жоқ дегендей) осылай бірінші күн өтті.
2-күн.Дәл кешегідей сцена́рий.
3-күн.Төзімім шегіне жетті,бірақ шыдадым онымен қоса 8-наурыз дегендей уақыт тез өтті.
4-күн.Тапсырма көп болды,интернетті ойлауға мұрша болған жоқ кітап ақтарумен болдым.
5-күн.Соңғы күн тез өтсін дедім бірақ керісінше өтпей қойды уақыт жынданып кете жаздадым газет-журнал ақтардым футбол туралы командам(Реал Мадридтің жанкүйерімін 6 жылдай болды )жайлы дым да біле алмадым,достарымнан сұрадым жаңалықтарды теликке үңілдім,содан сабақ жазып болып ерте жаттым.Интернетсіз соңғы күнім осылай аяқталды
Мен интернетке біраз жағдайларда тәуелді болып қалған екенмін соны түсіндім,бірақ та интернеттің де пайдасында түсіндім жылдам ақпарат алу уақыт үнемдеу барлық жағдайдан хабардар болып отыру,сосын интернет болмаса кітапханаға жиі барады екенмін,газет оқиды екенмін,бәрі бірде интернет маған керек екен бұрын қалай өмір сүрді екен адамдар таң қаламын.
Ал сіздер интернетсіз өмір сүре аласыздар ма?