Интернет-журналистика - журналистиканың ерекше түрі
блог
Интернет - журналистика – XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тұрғыда, кез келген интернет пайдаланушы адам өзіндік бұқаралық ақпарат құралын құруға үлкен мүмкіншілікке ие болды.
Интернет басылымдардың өзінің ресми БАҚ беделі болуы мүмкін, ал кей жағдайларда болмауы да мүмкін. Интернет басылымда қызмет ететін журналист (интернет - журналист) дәстүрлі журналистиканың жұмыс істеу техникасымен көп кезіге бермейді. Мәселен, полиграфия, телетүсірілім немесе аудиожазбаның арнайы аппаратуралары.Ал интернет журналисттің қызметіндегі ең бастысы әрі маңыздысы – оның интернеттегі құқылық аспекті. Дәлірек айтсақ, журналист интернет желісіне жариялаған әрбір мақаласына жауапты, бірақ практика жүзінде бұл жағдай көбінде іске аспайды.
Соңғы жылдары интернеттің индивидуализациялануы кең ауқымды танымалдылыққы ие болды. Кез келген тұлға өз алдына ешқандай да шектеусіз әрі бақылаусыз ақпараттың құрастырушысы және таратушысы. Соған орай , блогосфера ұғымы уақыт өте келе үлкен сұранысқа ие болып, өркендеу үстінде. Тіпті , ғылыми ортада осы блогосфера дәстүрлі БАҚ ты ығыстырып тастауыда мүмкін деген пікір қалыптасты. Қазіргі таңда, халықтың көпшілігі тәжіриебелі журналистика мен блогосфера бір – бірін барлық бөлімдер бойынша жақсы толықтырады деген ойға тоқталады – мыс.
Блогты интернет журналистика дамуының тағы да бір баспалдағы ретінде қабылдасақ болады. Ол интернет өркендеуінің бірден –бір дәлелі болмақ. Интернет – журналистика – дәстүрлі журналистиканы эволюциясы, жаңа ғасырдың жаңалығы.