Интернет дүкеннің пайдасы

Эльмира Мәуленова соңғы 11 жылда кәсіпкерлікпен айналысады. Оның Алматыда құрғақ жемістерді сататын нүктелері бар. Көптеген кәсіпкерлерге қарағанда ол ақшаға пәлсапалық көзқараспен қарайды. Бұл мен үшін жақындарымды қуантуға мүмкіндік, мен сыйлық жасағанды ұнатамын,–дейді Эльмира.

Ол таңғы бесте намаз оқу үшін тұрады. Одан кейін үйдегі күйбің тірлік басталады. Үш баласын тамақтандырып, сабаққа, күйеуін жұмысқа жіберу керек. Ары қарай алжапқышты шешіп, бизнес ханшайымға айналады. Кездесулерге барады, Алматының үш жерінде орналасқан сауда нүктелерінің жұмысын тексереді.

 -Мен Алматыға Шымкенттен келдім, содан бері құрғақ жеміс стаумен айналысамын,-дейді Эльмира.-Қазір сатушы жалдаймын. Бірақ, бәрібір жұмысты бақылау керек. Мен шағын бизнестен, бір нүктеден бастадым. Кейін ұлғая бастады, тұрақты клиенттерім пайда болды.

Эльмираның уақыты санаулы. Әрбір нүктені тексеру керек. Тасымалдаушылармен келісу керек. Құрғақ жемісті Өзбекстаннан, Қытайдан тасымалдайтындықтан жеткізу, кеденде рәсімдеу жұмыстары бойынша туындайтын мәселе аз емес. Соның бәрін нәзік әйел екендігіне қарамастан өзі атқаруға тура келеді. Қолы бос емес әйелдің дүкен аралап, сауда терапиясын жасауға уақыты бола бермейтіні түсінікті. Бірақ Эльмира бұдан шығатын жол тапқан. Интернет арқылы сауда жасайды.

 - Kaspi.kz интернет магазині арқылы тұрақты түрде сауда жасаймын. Мен үшін өте қолайлы. Ұялы телефоннан кіремін. Мұнда бәрі дүкендегідей: тауардың суреті, сипаттамасы, пікірлер, бағасы. Бір рет басу арқылы сауда жасауға болады. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Әрі сенімді боласың. Тауар сапалы, сатушылар кепілдік береді.

 Эльмира Kaspi Магазиннің тұрақты клиенті. Тек соңғы жылы ғана бес ұялы телефон сатып алды. Біз неге сонша көп деп сұрадық.

 -Телефондарға қатысты оқиғам қызық. Алдымен өзіме телефон сатып алғанмын. Бірақ базарда ұры көп, бірінші телефонымды ұрлап кетті. Жаңасын алуға тура келді. Бұдан кейін үлкен ұлым 18 жасқа толып, iphone 5S сатып алып бердім. Ұлым оған лайық. Менің көмекшім, «оң қолым». Күні бойы үйде мен жоқта үлкендердің орнына бас-көз болып қалады. 10 жылдан бері шаруашылыққа көмектеседі –үйді жинайды, кішкентайларды тамақтандырады. Ұлым телефонды көріп қатты қуанған. Бірақ, кейін оқыс оқиға болды.Бірнеше бұзақы бала, тонап, телефонын тартып алыпты. Ұлым қатты мұңайған соң, тура сондай жаңасын алып беруге тура келді. Бастысы дені сау, заттар келеді, кетеді. Сол жолы лаламмен қатар күйеуіме де ұялы телефон сыйладым. Ол іскер адам. Тұрақты байланысты болуымыз үшін жаңасын алайын деп шештім. Телефондарды Эльмираға үйіне жеткізіп берген. Тура сол кезде іске қосылған тегін жеткізу қызметі  өте ыңғайлы болып шықты.

 -Мен күні бойы қалада жүремін, кейде бір уақытта үш жерге баруға тура келеді. Телефонды алуға баратын екі сағатта, біраз іс істеп, тағы бір телефон сатып алатын ақша тауып үлгеремін, -де күледі Эльмира. – Мен алдағы уақытта да тағы бір заттар сатып алатын ойым бар.

 Біздің кейіпкеріміз Kaspi.kz сатып алынған тауарлар саны бойынша нағыз рекордшылардың бірі. Әсіресе бүкіл отбасына зат сатып алғандығын ескерсек.

-Біздің отбасымыз үлкен. Сіңілілерім, аға, іні, әкпелерім бар. Оларға да ұялы телефон керек. Біздің отбасымыз өте тату. Бір-бірімізге сыйлық жасап қуантқанды жақсы көреміз. Менің ақшаға көрқарасым – ақша басты мақсат емес, тек туған-туыс, жақындарымды қуантатын құрал ғана. 



Бөлісу: