"Интеллект" ойыны!!!
блог
«Интеллект» ойыны.
Адамның алға қойған мақсаты анық болуы керек. Бұл жолда адамға білімнің берер көмегі мол. Эрудиттер туралы сөз қозғалғанда, олар ең алғашқы білімді география және энциклопедик мәліметтерден жинайды деген қағида айтылады.
Олай болса бізде өз білімімізді сынға салып көрейік:
1. Әлем бойынша әр түрлі брендтерді білдіруші логотиптер өте көп. Бірақ олар арасында да бір көргеннен есте сақталып қалатындары санаулы ғана. Мысалы курсив тәсілінде жазылған, бірақ өзіне ғана тән ерекшелігі бар «Кока-кола» логотипі, «Найк»тің бір сызықтан тұратын рәмзі, «Ауди»дің төрт қалқасы немесе «Мерседес-бенс»тің біз білетін «жұлдызшасы» көрген сәтте сол брендті еске түсіреді... Бұл орында «Apple» компаниясы логотипі туралы айтпай кету мүмкін емес. Оның тістелген алма кейпіндегі логотипін білмейтін кісі әлемде санаулы ақ шығар. 1975 жылы дүниеге келген бұл логотиптің дизайнері кім екенін білесіз бе?
2. Ол 1919 жылы Алтайдағы қарапайым дихан жанұясында 17-інші перзент болып дүниеге келген. Өзі жаратқан қарумен әлемдегі миллиондаған халықтың өмірін сақтап қалумен қатар, сол қарумен қаншама адамның өмірмен қош айтысарын білмеген де болар. Бірақта ол осы өзі жаратқан қаруы арқылы күллі әлемге танылды, техника пәндері докторы, генерал лейтенант, 43 орден мен медальдің иесіне айналды. Сонымен бірге КСРО ның 2 рет еңбек қахарманы, Ресей Федерациясы қаҳарманы, Андрей Первозванний ордені кавалері, 3 рет Ленин орденімен марапатталған. Бұл мәліметтер қайсы тарихи тұлғаға қатысты?
3. Әлемге әйгілі бір спорт түрінің жетік маманы басқа бір спорт түрін роялда ойнауға ұқсатады екен. «Роялдагы бір түстегі клавиштері кезек кезек баса берсеңіз, көп уақыт өтпестен зерігіп кетесіз. Мен де ол спорт түрімен көп шұғылдана алмаймын, сол секілді зерігіп кетемін». Спорт маманы сипаттаған бұл спорттың қай түрі?
4. 1820 жылы Лондондағы бір паркте өсуін тоқтатқан кәрі ағашты ресми тұрде кесу шарасы өткеріліпті. Әлемнің түкпір түкпірінен бұл шараны көруге журналистер қауымы да жиналған екен. Осыншама қызығушылық танытқан бұл құдыретті ағашты білесіз бе?
5. Монғолия мемлекетінің 1952 жылға дейінгі ескі елтаңбасында 2 жануар бейнеленген еді. 1952 жылы жаңадан қабылданған елтаңбасында жалғыз жануар бейнеленген. Сіздің табуыңыз керек болған сұрақ, екі елтаңбада да бейнеленген қандай жануар еді?
6. Елімізде көптеген жоғарғы оқу орындары бар… Сонымен бірге тәуелсіздіктен соң жастарымызға шет елдерде де білім алуына мүмкіндіктер жаратылды. Білім аламын деген жасқа қазірде еліміздің қалаған өңірінен жоғарға оқу орнын табары анық. Қаласаң өзімізде, болмаса шет елде білім алу мүмкіндігі бар. Еуропадағы дамыған бір мемлекетте бірде бір жоғарғы оқу орны жоқ екен. Оқуға деген құштарлығы бар жастар тек қана шет елдердің жоғарғы оқу орындарында оқытылады. Сұрақ: Бірде бір жоғарғы оқу орны жоқ Еуропадағы бұл қайсы мемлекет?
Сіздерге арналған алғашқы сұрақтар да жарияланды. Еліміздің талантты да талапты жастары үшін көп қиындық тудырмайды деген ойдамыз. Іске сәт, «Массагет»те интеллекті ең жоғары кім екен байқап көрелік!!!