Интернет деген бәле бар, ішінде қызық және бар. Шынымен де, күн санап ауқымын кеңейтіп келе жатқан интернет беттерінен бәрін табуға болады. Ал соңғы жылдары әлеуметтік желілер де өте танымал. Соның ішінде Инстаграм желісін айырықша атап өткім келеді. Себебі осы әлеуметтік желіде Қазақстандықтар басқа желілерге қарағанда( Вконтакте, Facebook, Twitter) көп отырады екен. Сонғы тексерістер бойынша жалпы қазақстандық жазылушылардың саны 1.5 миллион шамасында болады екен. Жазылушылар (подписчики) бар, демек қызықты деген сөз.
Кейінгі кездері отандық жұлдыздарда мың мыңдап оқырман жинап жатыр. Ал Баян Есентаеваның жазылушылар саны 1 миллионнан асты. Ол миллион оқырманы бар алғашқы қазақ қызы. Оның жұмысы мен өміріне қызыққан адамдар оның әрбір салған суретін қалт жібермейді. Иә, өзінде миллион жазылушы болғанын қаламайтын жан жоқ шығар. КешYou дың продюсері отандық шоу бизнестегі табысты тұлғалардың бірі болып табылады. Бәлкім содан болар интернетшіл қауымның үлкен қызығушылығын тудырып отырғаны.
Әрине, миллион оқырманнан не пайда дейтіндерде табылар. Бірақ бұл сенің еңбектеріңнің қаншалықты жемісін беріп жатқанын көрсетеді. Жұртпен жетістіктеріңмен, өміріңдегі қуанышты сәттермен бөлісе аласың. Алайда бұл инстаграмда азаннан кешке дейін отыру керек деген сөз емес. Дегенмен, осы желіде күні бойы отыратындарда жетіп артылады. Әлеуметтік желілерге аса қатты беріліп кетпегендеріңіз жөн. Біріншіден бұл сіздің алтын уақытыңызды алады, екіншіден шын өмірден де шектейді, ал үшінші кемшілігі оқырмандардың кімдер екенін білмейтінің де. Оны білудің не қажеті бар деп ойлайтын шығарсыздар, мен сіздерге түсіндіре кетейін.
Осы инстаграмга сурет салудың кесірінен де болған қайғылы жағдайлар көптеп кездеседі. Мысалға мына жағдайды алып қарайық. Нью Йорк қаласындағы бақтардың бірінде атасы мен немересі демалып отырады. Немересі жай отырмай өзін суретке түсіріп инстаграмға салыпты. Көп өтпей бірнеше ер адам келіп, атасының көзінше немересін ұрлап кетеді. Суреттің қай жерде, қашан түсірілгені көрініп тұратындықтан, қылмыскерлерге атасы мен немересін табу қиынға түспеген. Ал артынша олар ақша талап етеді. Әрине, мұның бәрі жақсы аяқталды.
Бірақ мұндай жағдайлар әлем бойынша, тіпті біздің елде де болып тұрады. Ал олардың бәрі жақсы аяқталады деуге келмейді. Десекте, осы инстаграмда отырып ақша табатындар да бар, бірақ бұл бөлек әңгіме, ол жайлы келесі блогымда жазармын. Сонымен, Қазақстанда инстаграм дамып келеді. Отандық жұлдыздарда бұған өз үлестерін қосуда. Бірақ, инстаграм қаншалықты кызықтырса да шектен асып көп отырудың қажеті шамалы. Батысқа еліктеп ұлтымызға жат суреттер салудың да қажеті жоқ. Жазғандарым сіздерге ұнады деген ойдамын. Ал мені инстаграмдағы атым MEIRBAN.CERIK кундеріңіз жарқын, өмірлеріңіз жетістікке толы болсын!