INSTAGRAM әлемінде

INSTAGRAM әлемінде
жеке
блог

   Адам өмір бойы неше түрлі қызықты оқиғалар кешеді: туған күндер, саяхаттар, той-думандар. Біздер бұл мезеттерді өмір бойы жадымызда сақтағымыз келгендіктен, ойша сол кездерге қайта оралып, сол жағдайды, иістерді, адамдардың бейнелерін еске түсіреміз. Бірақ еш нәрсе мәңгілік емес, соның ішінде адамның жады да. Кейбір мезеттер ұмытылып, олардың орнын жаңа сезімдер басады. Осындай жағдайларда бізге фотоаппарат көмекке келеді. Бірақ өмір бір жерде тұрмай, әрі қарай ағып жатыр. Технология дамып, қазір екі адамның бірінде ұялы телефонында суретке түсіретін фотоаппарат бар. Сөйтіп, INSTAGRAM деген әлеуметтік желі пайда болды. Бұл желі Қазақстанда пайда болғанына бірнеше жыл өтсе де, жастар арасында, ал соңғы кездерде тіпті үлкен адамдар мен кішкентай бүлдіршіндер арасында да кең таралу үстінде. Бір қарағанда INSTAGRAM-ның еш зияны жоқ секілді: адам өз өмірінің қызықты мезеттерімен бөліседі, өз ойларын жазады, ұнаған заттары туралы көбірек біле алады. Бірақ күндер өте келе бұл паранояға айналып бара жатыр. Ол, әрине, барлық қолданушыларға қатысты нәрсе емес, алайда, осы жазғаным бәрілеріне ой салады деген үміттемін.

   Бірінші мәселе – жеген тамағыңның фотосын түсіріп, INSTAGRAM-ға жүктеу. Бір жағынан қарағанда, әдемі безендірілген тағамды өнер туындысына жатқызуға болады. Ескерткіштерді, әдемі салынған суреттерді, сәулет өнерінің туындыларын фотоға түсірген дұрыс болып саналса, неліктен аспаздық өнерді фотоға түсіріп, INSTAGRAM-ға салмасқа? Көркем өнер барлық салаларда көрінуі мүмкін, сондықтан, ерекше пісірілген тағамдарды бұл ниетпен INSTAGRAMға жүктеуді дұрыс деп санаймын. Ал егер сол тамақтарды үйден пісіріп те көрсеңіз, тіпті жақсы. Бірақ, шыны керек, қазіргі қыздар кез келген жеген тамағын салып та жатады, әсіресе, соңғы кездері модаға айналған сушидың суреттері әркімнің парақшасынан табылады. Сонда, қыздардың мұндай фотоларды жүктеуінің мәнісі неде? Мүмкін, «міне, мен бүгін қымбат ресторанға барып, осындай қымбат тамақ жедім» дегендері ме, әлде, «мен ешкімнен қалмаймын, мен де суши жеймін» дегендері ме? Білмеймін.

   Тағы да бір параноя – айнанын алдында суретке түсу! Лифтте, дәлізді, тіпті жуынатын бөлмеде... Мұндай суреттер не мағына білдіреді? Сіздің үйіңізде айна бар екенін, әлде сіз күн сайын киім ауыстыратыныңызды білдіре ме? Егер сіздің үстіңізде керемет әдемі көйлек, ал қасыңызда сізді фотоға түсіретін адам болмаса, жақсы, айна алдында фотоға түсу дұрыс болар. Бірақ бастысы - мұндай фотоларды күн сайын жүктемеу.

   Соңғы әрі басты параноя – селфи, яғни, өзіңді-өзің фотоға түсіру. Мысалы, сен жалғыз серуендеп жүрсін дейік, қасында сені әдемі фонда суретке түсіретін адам жоқ болсын, ондай жағдайда, әрине, селфи істеген дұрыс. Бірақ бір тұрыста тұрған миллион селфиді INSTAGRAM-ға жүктеген, саған жазылған адамдардың мазасын ғана алып қоймай, сізге деген қарым-қатынасты жаман жаққа өзгертеді.

   Осының бәріне қарамастан, INSTAGRAM – өте ыңғайлы әрі қызықты әлеуметтік желі. Ең бастысы тым артық кетпеу.

  Тағы да айтып кетейін, бұл бәріне қатысты айтылған нәрсе емес. Бұл жай қазақтың алтын қыздарының құлақтарына алтын сырға =)