ИНСТАГРАМ. АДАМДАРҒА ТАҢ ҚАЛАМЫН

ИНСТАГРАМ. АДАМДАРҒА ТАҢ ҚАЛАМЫН
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі мақаламда әлемге аты шыққан "Инстаграм" әлеуметтік желісі жайында сөз қозғағым келіп отыр. Шыны керек, бұл әлеуметтік желі қазір екінің бірінде бар. Бірі өзінің бизнесін дамыту мақсатында, бірі өзінің өміріндегі естен кетпес, қызықты, тартымды сәттерімен бөлісу мақсатында ал көбісі ДОСТАРЫНА  "ЕРЕКШЕ" ӘСЕР ҚАЛДЫРУ мақсатында қолданады. Әсер дегенде қандай әсер десеңізші, ішкен - жегеніне дейін, айнаның алдында өзінің тәнін "жалаңаштандыра" түсіргенге дейін барып жатады. Ал кейбір жандар осы әлеуметтік желіде жаңа айтқанымдай, достарына ерекше әсер қалдыру мақсатында өте қауіпті әрі ойға симас әрекеттер жасауға бел буып, көзді ашып-жұмғанша, сол жерде жан тапсырады... Иә-иә, бұл шындық!  Төменгі суреттердегі үш жігіт те сол жерде көз жұмған болатын...

"Бұқамен селфи". Өлім алдындағы сурет

Роман Гонсалес: жол үстіндегі селфи [22.12.1985 - 10.05.2014]

өлім алдында

Селфи жасау мақсатында көз жұмған жандардың саны жылда артуда... 2015 жылдың өзінде селфи жасау мақсатында ғана қайтыс болған адам саны 60-қа жуық. 


Ал мынадай суреттер қазір "мода" ма? 

ақымақтық

Көз жұмған жанмен сурет

?

Лифтте қамалып қалған адамдармен сурет

Көшедегі зорлық кезіндегі селфи

операция

Мына суреттер тек бер жағы... Ойға сыймайды. Өмір не болып барады?

    Адам ауруының емделмейтін жаңа дәуірі басталды. Жо-жоқ, бұл физикалық ауру емес, технологиялық ауру -"СЕЛФИЗМ". Бұл ауру қазір адамзат баласына "смартфон" вирусымен таралуда. Ғалымдардың зерттеуінше "Селфизм"  ауруы Эбола ауруынан да қауіптірек болып келеді. Ол сізді толығымен бағындырады. Аурудың белгілерін білгіңіз келеді ме? Сырқаттанудың бастапқы белгілері: 

-инстаграмсыз өткен бір күніңіз бір жылдай болып, басыңыз айналады;

-суретіңізге жинаған лайк санын минут сайын санап отырасыз. Аз болған жағдайларда, достарыңыздың сізге суынғандығын сезгендей боласыз, артық уайымдайсыз;

-кем дегенде екі күн ішінде бір суретіңізді инстаграмға салып тұруға деген мұқтаждықтың пайда болуы;

-достарыңыздың жаңа суреттерін, видеоларын, вайндарын күтудегі  шыдамның жетіспеушілігі, т.б.    

   Аурудан сақтанудың жолдары: инстаграмды телефоннан өшіру. Ауру ушығып кеткен жағдайда "Ақыл", "Сабыр", "Ес" және "Оны ойламай өмір сүр" атты дәрілерді күніне үш рет қабылдай отырып, осы әлеуметтік желідегі өз парақшаңызды толығымен жойыңыз. Ауру біраз күннен кейін қайта мазлаған жағдайда,  "КІТАП" атты ғажайыптар мен жүрек пен миға өте пайдалы емге толы психологқа міндетті түрде қаралыңыз. Кейін үй ішіндегі ЖАНҰЯ мүшелерімен көбірек уақыт өткізіңіз, САЯХАТТАҢЫЗ. Аулаға серуендеуге шығыңыз, жаңа адамдармен танысыңыз, әңгімелесіңіз. Ал інілеріңіз бен сіңлілеріңіз нағыз әрі қайталанбас сиқырлы әлемдер. 

    Бұл өмірге қайта айналып келмейсіз. Ояныңыз. Өмірдің түрлі-түсті бояуларын сезетін шағыңызды жіберіп алмаңыз. Күніне кем дегенде екі қайырымды іс жасаңыз. Көшедегі жаныңыздан өтіп бара жатқан жанға күлкіңізді сыйлаңыз, жақындарыңызға оларды жақсы көретіндігіңізді айтыңыз,кез келген бөтен адамға оның  сұлу екендігін айтыңыз, ұялмаңыз! Сіз ол адамдардың қуанышының, күлімсіреуінің себебі боласыз. Бір сәтке болсын БАҚЫТТЫ ҚЫЛАСЫЗ. Онымен қоса өз жүрегіңізді күнге айналдырасыз. Жақындарға сәуле шашып тұрасыз. Ұмытпаңыз, СІЗ АДАМСЫЗ! Компьютер, телефон алдында отыруға тиісті робот емессіз! Және ең бастысы, сіздің өміріңізде не болып жатқанын, қайда жүргеніңізді ешкімге көрсетуге МІНДЕТТІ ЕМЕССІЗ! Абай болыңыз, бойыңызды нәпсіңізге билетпеңіз, әр нәрсенің орны мен шегі бар. Бұл сіздің өміріңіз, ОЛАР үшін емес, өзіңіз үшін өмір сүресіз. Электронды технологияға деген тәуелділігіңізді артта қалдыратын кез келді. Бұл әлемде жай ғана бар болмаңыз, ӨМІР СҮРІҢІЗ! Нағыз өмірді сезіне білудің өзі ҮЛКЕН БАҚЫТ. Ал сізге нағыз өмірді сезінуге кедергі болып тұрған КІМ? 

P.S. МЫНА БЕЙНЕБАЯНДАРДЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ КӨРІҢІЗ! ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚЫЗЫҚСЫЗ ӨМІР СҮРГЕНІҢІЗДІ ТҮСІНЕСІЗ!

Келесі кездескенше!