Инклюзивті білім. Қазақстанда «ерекше» балалар қалай білім алады?

Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі.
ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.

Инклюзивті білім балаларға қатысты кез келген кемсітушілікті жоққа шығаратын, барлық адамдарға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеологияға негізделедң.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек делінеді. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы айтуға болмайды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқытудың басқаша түрі қолданылады – үйде оқыту, қашықтан оқыту, арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептердегі түзету сыныптары.


Міне,осындай бағытта Нұр-Сұлтан
қаласының 83 мектеп-гимназияда бірнеше жылдар бойы қызмет жасап келе жатқан педагог-ассистент Шарықбаева Рысжан Орынбаевнаның тәжірбиесі жайында болмақ.

Арнайы мектепте  түрлі диагнозбен ауыратын балалар да бар ,атап айтқанда : сал аурулармен,психикалық ауытқумен,неврологиялық  жалпы мана айтып өткенімдей аутизмнің барлық түрлері кездеседі. Жаңа техникаларды пайдаланып, ізденісте болатын Рысжан Шарықбаева
мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде әр түрлі жолдарды пайдаланатынын атап өтті:
"1. Ата –анамен жұмыс.
2 Отбасының жағдайын білу.
3.Психолого,дефектолог,лагопед,эрго-терапевт  көмек көрсету,яғни мектептегі қосымша мамандардың қолдауы.
4.Әлеуметтік қолдау.
5.Арнайы білім беру ұйымы.
6.Мектептегі жағдаятты терең  түсіну
7.Сынып жетекшінің де көмегі қажет.
Өзіндік өмірге балаларды қалай дайындау, тәрбиелеу құпиясы
өзіне қызмет ету бойынша дағдыларын ұйымдастыру мектеп ішіндегі қарым-қатынаспен шектелмейді.Ең бірінші ата-ана
қолдауы ауадай қажет,үйде ата-анасының өмірге бейімдеу                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  арқылы ,түсіндіру арқылы  жүзеге асыра алады.
Біз,педагог-ассистенттер небәрі мектеп уақытында ғана көмек көрсете аламыз.Таңертең күтіп аламыз,жағдайын сұрап,кешігіп келсе ,күліп жылы-жылы сөздер айтып көңілін көтеруге   тырысамыз. Бұл балалар  үнемі өзіне көп- көңіл бөлгенді қалайды, өз балаңдай жақсы көріп,қай пәннен болмасын үнемі көмек көрсетеміз."-,дейді өз тәжірбиесінде.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өткен.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. 
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді деп нық сеніммен айта аламыз. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүруіне жол ашу басты мақсат.
"Ұстаз-ұлағатты есім"-дейтін болсақ, екунші анамыздай болған ұстаздар қауымының шеберлігімен бала жанын түсінуге деген құштарлықтарының алдында басыңды игің келеді. Себебі,жәй ғана ұстаз болып қана қоймай, әр оқушыға жүрекпен көңіл бөлу кім-кімнің болмасын қолынан келе бермесі хақ.
Сондықтанда,барша ұстаздар қауымына еңбектеріне толағай табыстар мен жалынды жастарды тәрбиелеуіне ыстық ықылас тілеймін!

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Тарих, археология және этнология факультетінің 3 курс студенті Даутанова Рысгүл



Бөлісу: