Имидждік мақала

Имидждік мақала
жеке
блог

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - ғажайып мүмкіндіктер мекені

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды ғылыми-зерттеу институттарының бірі және сонымен қатар Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми және кәсіби салаларындағы магистранттар мен аспиранттарға орасан зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасы болып табылады. Университет әр түрлі және халықаралық профессорлар мен студенттерді тартуға, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуларды қолдауға, сондай-ақ әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық байланыстар орнатуға тырысады. Оқу ордасы  кез-келген сала бойынша білім мен оқуды жоғары деңгейде ілгерілетуді және өз күшін бүкіл әлемгдік стандартқа сай болатын нәтижелерді мақсат ете отырып жұмыс атқарады.

Университетте лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған. Университет Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың біріне ие. Әбу Насыр Әл-Фараби музейікітапхананың әрбір қонағы үшін ашық. Қазақ ұлттық университеті өзінің жас ғалымдарына жайлы жатақханалар ұсынатын студенттер қалашығы болып саналады. Университет 5000-нан астам студент тұратын 14 үлкен жатақхананы ұсынады.

Оқу ордасы көрнекті және жан-жақты академиялық бағдарламаларды ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын 600-ден астам профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік персоналы үшін халықаралық конференциялар, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың шақыруымен ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріне шетелдік іскерлік сапарларды ұйымдастырады.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, осы оқу орнының магистранты ретінде мен университетіміз өз студенттеріне толыққанды білім алу үшін және де өсіп келе жатқан қазіргі әлемнің талаптарына сай болу үшін көптеген таңғажайып мүмкіндіктер береді деп үлкен сеніммен айта аламын.

ҚазҰУ 2-курс магистранты Мүсір Айдана

ҚазҰУ PhD докторы Досанова Альбина