Имидж және табыс

Қазіргі күнде, халық бір-бірін киіміне қарап қарсы алады.Жалпы адамның көрінісі, бейнесі кез-келгеннің өмірінде маңызды рөл атқарады.Бүгінгі күнде, іскерлердің терминологиясында имидж деген сөз көп кездеседі.Қарапайым сөзбен түсіндіретін болсақ, имидж дегеніміз сіздің мінезіңізге ,киген киіміңізге , сөйлеген сөзіңізге байланысты қалыптасатын бейне. Қоршаған ортадағы адамдардың сізді қабылдауы немесе қабылдамауы, сіздің болашақтағы іскерлік өміріңізге орасан зор әсерін тигізеді.Табысты, іскер адамды қалыптастыратын ең маңызды нәрселердің бірі деп жақсы ұйымдастырылған имиджді айта аламыз.Имидж,егер жақсы қалыптасқан болса, өмірдің сапасын бір мезетте жоғары деңгейге көтере алады.Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша,адамның имиджі мен табысы арасында тығыз байланыс байқалады. Оған қоса, жақсы ұйымдастырылған имидждің , жұмысқа орналасу барысындағы өтетін сұхбатта ұтымды рөл атқаруы сөзсіз. Сол себептен, болашағыңыздың табысты болғанын қаласаңыз,қазірден бастап имиджіңізге көңіл бөліңіз.

Іскерлік ортадағы имиджді қалыптастыратын кезде бір нәрсеге мұқият назар аударыңыз, ішкі дүниеңізбен сыртқы дүниеңіз арасында үйлесім сезілу керек.Мысалы,егер іскер адамның имиджін киетін болсаңыз, киіміңіз ресми, ал жүріс-тұрысыңыз әдепке сай, шектен шықпауы қажет.Имиджіңіз сізге жұмыс істеуі керек. Іскер адамның имиджі қандай нәрселерден қалыптасуы керек?

 Біріншіден, бір көргеннен іскер адамның әсерін қалдыра алатындай киіну қажет. Өзіңізге ғана тән стиліңіз болуы керек, ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін білу абзал. Бет бояу үлгіңіз,шашыңыз, қолданатын әтіріңіздің имиджіңізге сай болғаны жөн.

Екіншіден, іскерлік қарым-қатынастырда өзіңізді жақсы жағынан көрсете білуіңіз өте маңызды. Іскерлік этикетті білгеніңіз жөн болар.Адамдармен сөйлескендегі сыпайылық танытуыңыз, сәлемдесу кезіндегі күлімсіреуіңіз, жұмыскерлер немесе студенттер арасындағы жылы  қарым-қатынасыңыз, субординацияны сақтауыңыз, мейрамдар кезінде сыйлық бере білуіңіз бұның барлығы сіз жайында жақсы имидж қалыптастырады.

Заман өте келе , әр адамның имиджі әлі көп өзгеріске ұшырайды. Имиджіңізге көңіл бөліңіз, бір жері ұнамаса өзгертіңіз, жақсартыңыз. Қазіргі кезде қандай істің маманы екеніңіз аса маңызды емес, жақсы ойластырылған имидж әрқашанда сізге жұмыс істейтін болады, осыны есте сақтаңыз.



Бөлісу: