Имансыздың сыртын қанша жусаңда,іші оңбайды

Имансыздың сыртын қанша жусаңда,іші оңбайды
жеке
блог

Ақжол Нұрдаулет Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 www.kaznu.kz   Дінтану мамандығының студенті.

Жетекшісі ҚазҰУ,аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А.

Адам баласы дүние есігін айқара ашқан күннен бастап ата-бабасының дінін, дәстүрін жалғастырады. Біздің атам заманнан келе жатқан дініміз - Ислам діні . Ислам діні әлемді уақыт өткен сайын баурап бара жатыр. Ислам діні қазақ жеріне ең алғаш Қарахан мемлекеті кезінде мемлекеттік дін деп жариялағаннан соң тарай бастады. Ислам сөзі – бейбітшілік, тыныштық, мойынсұну деген мағыналарды білдіреді.
Ислам діні бүгінгі қазақ жеріне келген кезден бастап қазақтың ой өрісі тереңдей түсіп, зиялылығы арқылы елдің тұрмыс-тіршілігі, ұлттың қадір-қасиеті көркейгендігі де тарихтан мәлім. Ислам дініне дейінгі, тамырын жайған ұлттың төл құндылықтары жоғалған жоқ. Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы Құран-кәрім, Хадис-шәріп секілді исламның қайнар көздерiнен бастау алып, дәстүрлі исламға айналған.
Әр халық мемлекет болып қалыптасқаннан кейін діні мен тілінің жойылмай, ата-дәстүрін сақтау арқылы дамуын ең басты орынға қояды. Осы тұста дінге қатысты көптеген шиеленістер мен дау-дамайлар белең алып бара жатқаны жасырын емес. Оның басты себебі, әлемдік діндердің өзара тармақтарға бөлініп, өзгеше ағымдардың пайда болуы. Адам қанша жерден діндар, тақуа болса да оған ең алдымен ізденіс пен білім, иман қажет. Бұған Абай Құнанбаевтың: «Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды», – деген сөзі дәлел. Қожа Ахмет Иасауи бабамыз да: «Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзетуге болады», – деп, иманды алғашқы орынға қояды. Тарихтағы діннің беделі, халық өмірін көркейтудегі діни тұлғалардың даналығы, қасиеті, қажырлы еңбектері әрқашан ұрпақ жадында сақталуы қажет және оны келер ұрпақ өзіне өнеге тұтып отыруы өте маңызды. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деп данышпан Әл-Фараби атамыз айтқандай, өркениетті елдердің қатарына, рухани-мәдени әлеуеті артқан мемлекеттердің көшбасшысы қатарына енуі – бүгінгі қоғамның бейнесімен білінеді.
Діни-ағартушылар, ақын-жазушылар исламды насихаттау арқылы халықты имандылыққа шақырып, адамгершілік игі қасиеттерге тәрбиелеуді көздеген. Осы мақсатта көптеген халқымыздың ірі тұлғалары дін тақырыбында әр түрлі көзқарастарын айтып, елеулі еңбектер жазған.
«Қазақтың өлеңді сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, көңілдеріне қондырған»-деп А.Байтұрсынұлы айтқандай, діни-ағартушылар ақын-жазушылар исламды насихаттау арқылы халықты имандылыққа шақырып, адамгершілік игі қасиеттерге тәрбиелеуді көздеген. Қазақ әдебиетінің озық дәстүрін Ахмет пен Міржақып жалғастырып, адамгершілік, отан сүюшілік пен туысқандық идеяларын жырлаушы болды. Қазақ даналары x-ғасырдан астам уақыт «Асыл дін», «Хақтың жолы», «Кешегі өткен заманда Дін мұсылман аманда» деп жырлады. Руханиятымыздың Қорқыттан Абайға дейінгі аралығында, Абайдан кейінгі зиялылықтың Алаш қауымы – ислам діні мен қазақтың бөлінбейтініне жарқын мысал. Қазақ зиялылары Аллаға иман келтіргендерден одан қала ақтық деміне дейін ұлтына қызмет еткен. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Әуелі аят, хадис сөздің басы» деген Абайдың өлеңі де, қара сөзі де иманнан басталып, иманмен аяқталды.
Қорыта айтсам, тарихымыздың беттерін ашсақ, ата-бабамыздың қаны төгілген, өздері шейт болған, ұлт-азаттық көтерілісіміздің өзі де дін мәселесіне қатысты.
Қазіргі жаңартушылық пен жаһандануға тап келіп отырған еліміз үшін болашаққа дұрыс бағдар ұстануда өткеннің өсиетінен тәлім алу маңызды. Әсіресе, бүгінгідей плюралистік қоғамда, діндер мен дүниетанымдар, мәдениеттер мен өркениеттер қиылысқан заманда дәстүрлі дін мен мәдениеттің қазбаланып, қараңғы түнде бағдар көрсететін темірқазықтай болған Абай мен Шәкәрімнің діни дүниетанымын оқыту болашақ ұрпақ үшін ауадай қажет.