Иман

Иман
жеке
блог

Сынып ішіндегі оқушылардың айқай-шуы  мұғалімнің  келуімен сап тыйылды.  Ол  уақытты  босқа өткізбей  тақтаға бір (1)  деген санды жазды да:

– Балалар, мынау иман. Бұл адам баласына берілген ең үлкен бақыт,–деді.

Сосын 1-дің артына бір нөл қойды да: –Мынау жетістік. Иман арқылы бір 10-ға айналды.

Тағы да бір нөл тіркеп: – Мынау, тәжірибе!  Он  100-ге  айналады,– деді.

Нөлдерді осылай қосып кете береді: Қабілет... сүйіспеншілік... тәртіп...

Тіркелген әрбір  нөл иманды одан сайын күшейте түсті.   Біраздан кейін  қолына суланған матаны алып,  1 санын өшіріп тастады.   «Бұл имандарың  болмаса, басқа әрекеттерің түкке тұрғысыз»,–деп айтпақшы болған ұстазының сөзін шәкірттері  іштей ұғынған болатын.