Мұсылмандар құлшылық ететін ғимаратта енді орысша уағыз айтылады. Дәл осы жаңалығымен, көпшіліктің жағасын ұстатқан Нұрлан Ермекбаев осындай ұсыныс тастады. Бәрімізге аян, соңғы жылдары елімізде қырғи-қабақ соғыстан бөлек, теріс жолға апаратын ағымдар қаптап кетті. Алдын алу шарасы ретінде жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрі осындай жаңалығымен төбемізден бірақ түсті. Оның айтуынша:
- Имамдар қазақша, арабша оқып жатқан уағыздарды түсінбейді. Тек қана қала тұрғындары емес, ауылда тұрып жатқан қазақтар да түсінбейді. Өйткені, дін тілі мен тұрмыстық тіл екі бөлек. Тек қана қазақтар емес қой, басқа ұлттың өкілдері де исламды үйренгісі келеді. Мешіттерде біз түсінетін тілде жеткізбейді ондай білімді?
Кім-кімді жақтап отыр екен? Егер қазақтың қазаққа жаны ашымаса, басқа ұлттарға керегіміз шамалы-ақ. Өзге елдің азаматына ислам діні ұнап жатса, баяғыдан бері араб тілін меңгіріп алар еді. Солай емес пе? Бұл жерде бірақ нәрсені ғана байқауға болады. Ол "СУ ЖАҢА" костюмді, жұрт алдына "ПАШ" етіп көрсету. Елдің алдында көрініп қалу. Бірақ ... халықты 186 рет талдыратын жаңалықтардан не пайда? Жаңа орындыққа отырып алып, мың ұйықтасақ та, түсімізге кіріп шықпайтын жайттардан жалығатын болдық. Тілдің әуені бітіп еді, енді, дінімізге де тиісе бастады. Толығырақ осында көре аласыздар.: https://www.ktk.kz/kz/news/video/2016/09/22/72354