ИМАМ мен КЕЗДЕСУ
блог
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесінде экстремизм және терроризм баптарымен сотталған азаматтармен, Республикалық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі, Қарағанды қаласының «Әл-Машани» мешітінің бас имамы Хушкелдиев Жанболат Жұматұрұлы, Маңғыстау облысының «Бекет-Ата» мешітінің наиб имамы Онғарбаев Байкенже Серікбайұлы және мекеменің теолоыгқызметкерлері топтық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Сәлем сөздін атасы» тақырыбында уағыз айтылды.
Әлемге Ислам жарығы шуақ шашқан кезден бүгіңгі күнімізге дейін мұсылмандар Пайғамбардың (с.ғ.с) әр сөзін қалт жібермей, іздестіріп, сұрастырып, оның әрекетіне қарай өздерінің іс-қимылдарын белгілеп отырды. Тіпті пайғамбардың (с.ғ.с.) қарапайым деп саналатын әдеттерін де айнытпай қайталаған. Мысалы, бір тізерлеп отыру, жатқан кезде оң жағына қарап бір қырымен жату, ол түгілі әжетханаға кірерде сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу секілді амалдардың бәрі де Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетінен туындап, үмбетінің өмірінде күнделікті тұрмыстың ережесі болып қалыптасып қалған.
Ал күнделікті өміріміздің айнымас бір бөлігі жəне мұсылман мен мұсылманның тіпті адам мен адамның қарым-қатынасын жақсартатын сөз атасы – сəлем сөзіне тоқталып өтер болсақ, «Əссәләм» - Алла Тағаланың көркем есімдерінің бірі. Сондықтан да сәлем беруші артық сауапқа ие болады. Имам Бұхаридың риуаятында: «Жасы кіші болған жасы үлкенге сәлем береді» - делінген. Әлбетте, сәлемдесу әуелі адамды кішіпейілділікке тәрбиелейді және сәлем беру - адамға жақсылық, есендік, саулық тілеу дегенді білдіреді. «Екі мұсылман баласы кездескенде, олар бір-бірімен амандасып, қол алысқанда, Алла Тағала оларды осы сәтте бір-біріне тілеген тілек-дұғаларын қабыл алады, деп сөзін қорытындылады.
Кездесу барысында дін саласының мамандары түсіндірмелі жұмыстарын жүргізіп, сотталған азаматтарды толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарына жауап берді. Мамандар мұндай кездесулердің тиімділігін және дін аралық татулықтың әрдайым маңызды фактор екендігін жеткізді. Осындай іс-шаралардың алдағы уақытта сотталғандарды дәстүрлі дінді насихаттай отырып оның маңыздылығын, әлі де осындай түсіндірме жұмыстары ұйымдастырлатынын мекеме теологтары айтып өтті.