Игі істер мол болсын!
жеке
блог
блог
Сәлем, достар!
Өткен жазбамызда Дүниежүзілік мейірім күніне орай сауапты істерді атқаруға, жақсылық жасауға ұмтылуға шақырған едік. Біздің ойымызша, бұл өмірде әр адамзат баласы бір-біріне қол ұшын созып, көмектесуі қажет. Мұны білген ата-бабаларымыз да бекерден бекер "Адам күні адаммен" деп айтпаса керек. Жақында біздің назарымыз төменгі видеоға түсті. Адамзат баласы түгілі өзге де тіршілік иелері игі істерді жасайды екен. Олай болса, осындай игі істен үлгі алып, жақсылық жасауды тоқтатпайық!