Қазіргі таңда қоғамдағы басты мәселелердің бірі-үй-күйсіз қалған, қаңғыған жануарлардың көбеюі.
"Ит-жеті қазынаның бірі". Алайда, осы сөздің астарына үңіле алмайтынымыз өкінішті. Жан-жануарлар-адамдардың, дәлірек айтар болсақ, өз иелерінің махаббаты мен қамқорлығына зәру.
Қажет кезінде асырап алып, қиындық түскен сәтте қалдырып кету-адамшылыққа жат нәрсе.
Осы аптада еріктілікпен айналысу мақсатында Шымкент қаласы, Қазығұрт мөлтекауданыда орналасқан иесіз иттерді асырайтын орталыққа барып, барынша көмегімізді көрсетіп, мейірімге зәру жануарлармен серуен құрып, уақытты қызықты өткізіп қайттық.
Иә, көбіміз зиянын тигізер деп ойлап, иттерден бойымызды аулақ ұстауға тырысамыз. Үркіп-қорқып, жанымызға жуытпаймыз. Міне, сол себепті де жануарлар "жабайы" атанып, көше кезіп, айналасындағы адамдарды қауып алуға бейім келеді.
Шындығында, кінәні өзімізден іздеуге тиіспіз. Қолдан келгенше жануарларға жылулық танытар болсақ, жамандық та көрмес едік.
Сіздерді де жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысуға шақырамыз.