Идеал қалай болуға тиісті?
блог
Отбасында 5 баламыз. 3 бала 2 қыз. Мен төртіншісімін, үйдің үлкені ағам, одан кейін екі әпкем, мен және інім.
Ортаншы болып өстім. Бала кезімде бал кезең болды, балқып, шалқыдым демеймін. Қарапайым отбасында өстім. Өзімді кішкентайымнан тез есейген адамның қатарына жатқызамын. Мүмкін тұрмыс солай тәрбиеледі, кітаптармен көп таныс болғандық себебі болар, бір жағы. Кез-келген мәселеге көз жұма қарамай, көңілмен зерделеп, ауыр қабылдаймын.
Қазір Аллаға шүкір Ағам үйленіп, отбасылы болды. Ауылда, анам қолында, тұңғыш қызы Айару дүниеге келді.
Біз, яғни екі әпкем, мен үшеуміз қалада жұмыстамыз. Белгілі себептермен мен кейде екі әпкеме ренжитін сәттерім көп болады. Көңіліммен қапа болатын сәттерім де көп. Бір үйде отырып, көңілсіз, ешқандай қарым-қатынассыз болу әрине маған ауыр тиеді. Кешіріммен қарап, бұға салуға нәпсім жібермей ма, әлде басқа себеп пе, әйтеуір жіби алар емеспін.
Ауылдан мектепті жаңадан бітірген немере ағамның баласы оқуға келгелі жатыр, өзімнің туған інім Алматыдан қайтып, Шымқалада тұруға ниеті бар.
Енді қарап отырсам, "битке өкпелеп, тонымды отқа тастайтын" түрім бар. Өйткені, артымнан өсіп келе жатқан екі бірдей інім, маған қарап бой түзейтіні белгілі. Егер мен тоңырайып, үйде көңілсіз жүрсем екеуіне бірдей әсері болатыны сөзсіз. Сондықтан да өзімді құрбан етіп, осы екі інім үшін екі әпкемді кешіріп, оң көзбен қарау ойыма келіп отыр. Ия, мен үшін екі әпкем идеал болмауы мүмкін, бірақ үлкендерден идеал іздегенше, өзімнен кейінгі өсіп келе жатқан інілерім үшін қорғаныш, сүйеніш, ардақты тұлға болуым үшін тырысуым керектігі туралы ой санамды жеп тұр.
Әрине, отбасы болғандықтан әр үйдің "ішкі асханасы" болады. Отан отбасынан бастау алатынын ескерсек, ең бірінші отбасы алдында өзіңді түзеу міндеті келеді. Сондықтан да ең бірінші отбасымды жоғары қойып, әрекет етудің кезеңі келіп отырғанын сезінемін.
Бір жағынан қарап отырсам, дастарқан басында әңгіме де айтпайды екенбіз. Себебі тамақтану уақытында біреуі компьютердің алдында отырады, тағы біреуі теледидар қарап отырады.(бітпейтін сериал жыры сол). Осындай көріністерден де әбден мезі болғаным жасырын емес. Қанша ма рет талпындым, осы әлеуметтік желіге әуес болмау керектігі жайында әңгіме айтып, бірақ сол жартас баяғы күйінше өзгеріссіз жалғасуда. Бір-біріміздің жағдайымызды сұрап, көңілді отырып тамақтану жайында қалып кетеді. (өйткені виртуалдағы адамдарының қал-жағдайы маңыздырақ отбасынан гөрі) Осының барлығы да менің іштей жек көрушілік сезімге әкеп жетелейді.
Әлеуметтік желінің зияндылығы мен қатыгездік, өзімшілдік, рухани құлдырауға әкеліп соғатыны туралы көп айтылады. Ал, оның көрінісі күнделікті көз алдымда жүргендіктен кімге барып, ақыл сұрарымды білмеймін.
Мүмкін кінәнің барлығы өзімнен болар. Кейде менде компьютерге таласып, виртуалды әлемдегі тәтті әңгімелерге әуесім кетіп тұрады. Бірақ, мен түзелу үшін әрекет жасап жүрмін ғой. Агент тәуелділігінен арылдым. Әлеуметтік желіні де тек пайдалы ақпарат алу үшін қолдануға бейімделіп келемін. Ал, біздікілер, сол алтын уақытты зымыратып, текке өткізіп келеді. Оның барлығын мен санама сіңіріп, қорыта алмаймын. Міне осыдан келіп, пікір қарама-қайшылығы туындайды. Менде бар жиналып қалған ашуымды интернеттен алып, кірмей қоямын. 10 күн бойы кірмеген кездерім болды. Бірақ, бұдан өзгерген дүние жоқ. Сондықтан олар қалай бар болса, мен солай бейімделуге тиіспін. Өйткені олар менің бауырларым. Өзімнің олар үшін аса қымбат екенінімді білемін, бірақ мені аз ренжітсе екен деп ойлаймын.
Оларға адам болыңдар деп ұрысып қоямын. Бірақ, жасы кішінің жолы да кіші екенін, олар керісінше мені дұрыстап тәрбиелеуге бейім келетіні табиғат заңдылықтары көрсетіп отыр. Өйткені, Алла солай жаратқан.
Пысы: Мен үшін үлкендер идеал емес. Бірақ, мен өзімнен кейін өсіп келе жатқан інілерімді дұрыс жолға тәрбиелей алатын тұлға болуым керек екендігі міндет. Ешкім жүктемесе де, бойымда үлкен аманат бар екендігін сезінемін. Мүмкін барлығы басқаша болар ма еді. Бүгінгі боямасыз өмірдің шындығы осылай болып отыр. Өзгенің ауыр сөзін немесе артық сөзін көтере алмайтынымды соңғы екі-үш жылдықта жиі байқап жүрмін. Бұл менмендік емес, өзіндік қағидаларым шығар мүмкін, мен осы мінезім үшін әлі таяқ жеп көрмедім. Бірақ өз бауырларымнан сонша жерініп жүргенімді тым түсіне алмаймын. Мүмкін кінәнің бәрі өзімнен болар. Кейде барлығына қолымды сілтеп, көз көрмеген, құлақ естімеген, белгісіз бағытпен кетіп қалғым келеді. Бірақ, мен отбасым, жанұям үшін керекпін ғой! Енді тек өзімнің кейбір мінездерімді құрбан ету ғана қалды. Тағы сол жанұям, отбасым үшін! Біреулер үшін тым оңай болып көрінер, немесе қызық болып. Өмір біз ойлағаннан қиынырақ, тағдыр қатал!
Суреттегі Анам, ағам, інім және күнәсіз періштем Айару!