Иә...махаббат бар...

Иә...махаббат бар...
жеке
блог

Күннің күлімдеген жайма-шуақ күні. Панфилов паркіне ерте барып алып, қолымдағы шар, гүл сияқты реквизиттермен фоторепортаж кейіпкерлерін күтіп жүрмін. Бірінен соң бірі келген жұптардың барлығы да көңілді, бір-бірлеріне қалжыңдап, құшақтасып, ойнақтап суретке түсіп жатыр. Олардың жауаптары да еріксіз мені қиялға жетелеп кетті.

Кейін үйге келіп диктофоннан тыңдағанда олардың күлкі аралас риза дауыстары, жүректен шыққан сырлары құстардың сайрауымен, парктегі аттардың тықылымен, шіркеудің қоңырау сыңғырымен, балалар күлкісімен жетеленіп отырды. Неткен сүйкімді еді... Записьті өшірмей, сақтап қойдым, романтик қой...

Шаһ-Керім:

Іздемеу керек махаббатты. Меніңше, алдымен рухани құндылығыңды танып, рухани әлеміңді қалыптастырып алу керек. Өмірге деген көзқарасыңды, өмірден не тілейтініңді, жарыңнан қандай қасиет күтетініңді алдын ала білуің керек. Мен, мысалы, «Мәдинаны көріп қалып, неге ұнатқанымды түсінбедім» - деп айта алмаймын. 20 жасқа дейін ақылымның, ой-парасатымның үйіп-түйген, болашақ жарым қандай болу керек деген мәселенің шешімдерін Мәдинаның бойынан таптым. Және де мұндай махаббаттың ғұмыры ұзақ болады деп ойлаймын. Ал әлеуметтік желілердегідей: «в активном поиске» деп алып-ұшып, махаббатты іздеу дұрыс емес, ол өз уақытында өзі келеді.

Света:

«Әлі өзімнің адамымды кездестірмедім» дегенді айналадағылардан жиі естимін. Кейбіреулерде өздерінің қатып қалған критерийлері бар: ұзын бойлы, бойшаң, аққұба не қара торы ұнайды деп, сезімдеріне шарттар қойып алады. Егер бір адамға шынайы ғашық болсаң, оның байлығына да жетістіктеріне де назар аудармайсың. Өмір бойы жинаған шарттарыңның күлі ғана қалады. Банальды болса да, тек өзіңнің жүрегіңді тыңдауың керек.

Міне, бұл өз махаббаттарында сенімді, берік жандардың әңгімесі. Толығырақ мына жерде. 

Ал жалпы бұл сезім қазірде қаншалықты шынайы? Бір адамды жан-тәніңмен құлай сүйіп, тек "оның демін күтіп" өмір сүру мүмкін бе бұл өмірде... Қызыл кітапқа тек жануарлар емес, кейбір сезімдер де кіреді-ау... Сондықтан махаббат сезімінің кішкентай болса да ұшқынын байқасаң, оны аялап, өсіру керек, меніңше. Мүмкін бұл саған берілген сезімнің соңғысы шығар, кім білер. 

Жалпы осындай пост...

..