"Иә, Стамбулды мен аламын иә, Стамбул мені..."

Сәлем, достар! Түркия жайында кезекті жазбамды жалғастырайын.

Түрік сусындарының ішінде қара шәйден кейінгі ең танымалы – түрік кофесі. Негізінен Түркияда кофе өсірілмейді. Сырттан әкелінетін кофе арнайы өңделініп барып, ұсынылады. Түрік кофесінің басқа кофелерден ерекшелігі – арнайы дайындалу әдісі мен өзіне тән өзгеше хош иістігінде. Түрік кофесі арнайы бақыр ыдыстарда қайнатылып, үш түрлі дәммен ұсынылады.  Яғни, кофе дайындаду әдісіне, шекеріне қарай,  тәтті, орташа және ащы (sade)  болып бөлінеді. Түрік кофесінің ішінде «финжанда піскен кофе» (финжан – кофе ішетін ыдыс ) түрі дайындалуы жағынан күрделі, әрі ерекше дәмге ие. Кофе ішкен соң, түрік қыз-келіншектері міндетті түрде кофемен бал аштырады, болашағын жорамалдап әзіл де болса қызығып қарап көреді. Бүгінде Түркияның кез-келген жерінде кофе ішіп, бал ашатын  арнайы мекендер бар.

Түрік кофесінің әзірлену жолынан бір көрініс. Измир. Ширинже.

Түрік асханасында өзіме қатты ұнайтыны – гөзлеме. Ішіне сүзбе, не картоп немесе саумалдық (шпинат) салынған тағам, кәдімгі қамырдан дайындалады. Үй жағдайында табаға пісіріп көрсе де болады. Асханада дайындалған гөзлемеден гөрі «көй гөзлемесі» (ауыл гөзлемесі) дәмді келеді. Қалалық жерлерде де ауыл гөзлемесін табуға болады.


Ауыл гөзлемесін дайындау үстінде. Ыспарта.

Қазақ халқы сұлулықтың бір белгісі ретінде  тостақтай, әдемі қара көздерді  «Бота көз»  десе, түріктер үшін ең әдемі көз – ешек көз (кәдімгі есек) Егер сізге бір түрік «сіздің бойыңызда шәйтан түйі бар» деп айтса, жатып кеп ашуланбаңыз. Бұл – комплименттің бір түрі. Сүйкімді, көпшіліктің көңілінен шыққан, әрбір адам оның жанына үйір болғысы келетін адамға қатысты айтылатын сөз. Измирдегі әдемі, туристік орындардың бірі – Ширинже. Мұнда гректерден қалған ескі үйлер, тар көше, ауыл тағамдары, ресторан мен пансионаттар орналасқан. Сондай-ақ, қолдан дайындалған виноларымен мәшһүр.







 




Анталияға жолыңыз түссе, Дүден, Куршунлы  сынды сарқырамаларын көруді рекомендеймін.

Анталия. Дүден сарқырамасы.



Анталия. Куршунлы сарқырамасы.
Измир аймағы Ататүрікті қатты жақы көреді. Қарапайым шаштараз, турагенттік, асхана сынды мемлекеттік емес ұйымдардың өзінен  Ататүріктің портеретін кездестіруге болады. Кейбір адамдар мойындарына  Ататүріктің қолтаңбасы басылған алқа мен, денелеріне Ататүріктің қолтаңбасы басылған татуировканы салдырып (еркек болсын, әйел болсын )алған адамдарды кездестіруге болады.   Түрікше сөйлегендердің барлығы түрік емес. Түркияда паспорттарына барлығына дерлік түрік деп жазылатындықтан,  таза түрікті кездестіру қиын. Түбін сұрасаң, грек, татар, күрт, итальян, әзірбайжан, армиян деп өздері айтады. Орналасқан жерлеріне, сөйлеу мәнеріне қарай өздері жақсы айырады. Түркияның Ескішехир қаласында қырым татарлары, Бурсада ахыска түріктері, Стамбулдың Зейтүнбурны ауданында, Измирдің Балчова, Салихлы деген жерлерде қазақ диаспоралары бар.  Анкара түріктері Анкара сөзін «Аңғара»,  «Бақалым» деп екпінді қ мен ғ дыбысына түсіріп айтады.  Түркияда Кайсериліктерді пысық, сауданың адамы, сараң, ақшаны сүйетін деген ұғым қалыптасқан. Біздегілер Шымкенттік екенін мақтан тұтатындай, Кайсериліктер де Кайсериден шыққандығын мақтанышпен айтып жүреді.  «Гүл суы» деген маркамен шығатын косметика кеңінен танымал. Бағасы да өте арзан. Мәселен, мынадай топтастырылған  «Гүл суы» сыйлығы бар-жоғы мың теңге. Маған иісі ұнамады. Бұл маркамен шығатын косметиканың отаны – Ыспарта қаласы десек те болады. Атауы ислам дінімен байланысты.

Гүл суы  Түркияда ең үлкен жер сілкінісі – 1999 жылы17 тамызда болған.  Мармара аймағында болған жер сілкінісі Анкара мен Измир аймағына дейін сезілген. Жерсілкінісі салдарынан 50 мың адам қайтыс болса, 100 мыңға жуық адам жараланған.  Жер сілкінісі болған  Ялова деген жерде (Стамбулдың маңайы) табиғи жер асты шипалы су шығады.  Сондай-ақ бұл жерде асқазан үшін пайдалы табиғи ыстық су бар. Мен де дәмін татып көрдім. Кәдімги табиғи су. Бұл жер – тұт жемістері мен жөке ағаштары сынды дәрілік шөптерге бай.

Ялова. Табиғи емдік қайгар бұлақ басы.

1453 – бұл санның Түркия үшін үлкен маңызы бар. Дәл осы жылы 29 мамырда Шығыс Рим императорлығының астанасы Константинопльді (қазіргі Стамбул) түріктер II Мехмед сұлтан тұсында жаулап алған. Сұлтанның сол уақытта айтқан мына сөзі халық арасында тұрақты сөз тіркесі айналған. «Иә, Стамбулды мен аламын иә, Стамбул мені алады!»

Стамбулдың Азия жағынан көрініс. Бер жағында Қыз мұнарасы.  Мармара теңізінің ар жағындағы көрініс: әйгілі Сұлтан Ахмет мешіті мен Ая София музейі.

Суреттер: автордікі. Жазбаның реттік сандары техникалық себептерге байланысты жылжып кетті. 



Бөлісу: